11.04.2018, 18:32 2694

Алматыда космостық техниканыӊ ғылыми-эксперименталдық зертханасы ашылды

Зертханада космостық аппраттардыӊ (КА) РЭЖ (радиоэлектрондық жүйесін) тестілеу және сынақтан өкізуге арналған өлшеу құралдары мен аппараттарыныӊ кешені бар, космостық аппараттармен байланыс арналарын қамтамасыз етуге арналған қабылдау-жіберу жүйелерініӊ радиожиілік жолдарын жасауға арналған құралдар мен аппараттар кешені, спутниктік бақылау технологиясын туғызатын құралдар мен аппараттар кешені, жаӊа бұйымдардыӊ эксперименталды және тәжірибелі үлгілерін жасауға арналған механикалық аймағы бар.

6 сәуірде Алматыда Қазақстан экономикасыныӊ әртүрлі салаларындағы соӊғы тұтынушыларға арналған космостық техника мен технология саласындағы жоғары технологиялық өнімдер мен аппараттық-бағдарламалық жүйелерді дайындайтын инновациялық ғылыми-эксперименталдық зертхананыӊ ашылуы өтті деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қазақстан Республикасыныӊ Қорғаныс және аэрокосмостық өндірістіӊ Аэрокосмостық комитетініӊ төрағасы Еркін Шаймағамбетов сәйкес құжаттарға қол қойды деп жеткізді "Қазкосмос" баспасөз қызметі.

Жаӊа зертхана Космостық техника мен технология институтыныӊ құрамдас бөлігі болады және космостық техника мен технологияны жасау және қолдануда қазақстандық үлесті айтарлықтай арттырады, космостық қызметтіӊ ғылыми және ғылыми-технологиялық базасын дамытуды жоғарырақ деӊгейге көтеруге, сонымен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологияны, машина жасау, микро және радиоэлектроника саласында инновациялық жобаларды сәтті жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп хабарлады "Қазкосмос" баспасөз қызметі.

Зертханада космостық аппраттардыӊ (КА) РЭЖ (радиоэлектрондық жүйесін) тестілеу және сынақтан өкізуге арналған өлшеу құралдары мен аппараттарыныӊ кешені бар, космостық аппараттармен байланыс арналарын қамтамасыз етуге арналған қабылдау-жіберу жүйелерініӊ радиожиілік жолдарын жасауға арналған құралдар мен аппараттар кешені, спутниктік бақылау технологиясын туғызатын құралдар мен аппараттар кешені, жаӊа бұйымдардыӊ эксперименталды және тәжірибелі үлгілерін жасауға арналған механикалық аймағы бар.

Ғылыми-эксперименталды зертхананыӊ жабдықтары, құралдары мен аппараттары, космостық техника мен технологияны жасау және сынақтан өткізу космостық техника мен технологияныӊ, ақпараттық-коммуникациялық жүйеніӊ, Қазақстан Республикасыныӊ экономикасыныӊ әртүрлі салаларында қолдануға арналған бағдарламалық-техникалық кешендердіӊ жаӊа үлгілерін жасап шығаруға мүмкіндік туғызады деп атап өтті ведомоствода.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны