01.03.2018, 14:24 4615

Алматыда "Құрылыс саласыныӊ цифрлық трансформациялануы" атты халықаралық конференция өтеді

Конференция Қазақстан Республикасыныӊ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетініӊ аясында өтеді. Ұйымдастырушысы Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты

Алматы. 1 наурыз. Kazakhstan Today - 2 наурызда Алматы қаласында Қазақстанныӊ, Ресейдіӊ және Белоруссияныӊ бейіндік министрліктерініӊ өкілдері құрылыстағы ақпараттық модельдеуді (ҚСАМТ) енгізудіӊ тәжірибесімен алмасатын халықаралық конференция өтеді. Технология қағаз сызбаларын ауыстыруға қабілетті ғимараттарды үшөлшемдік цифрлық жобалаудыӊ жаӊа пішімін тұспалдайды.

Конференция Қазақстан Республикасыныӊ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетініӊ аясында өтеді. Ұйымдастырушысы Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты ("ҚазҚСҒЗИ" АҚ) болып табылады.

Іс-шараға Министрліктер мен ведомстволардыӊ, бейіндік оқу орындарыныӊ өкілдері, бағдарламалық қамтамасыз етудіӊ әзірлеушілері, жобалау, құрылыс және инжинирингтік компаниялар қатысады.

Сарапшылар құрылыстағы ақпараттық модельдеуді дамыту саласында Қазақстан, Ресей және Белоруссия арасындағы ынтымақтастық мүмкіндігін талқылайды. Іс-шараныӊ шеӊберінде қазақстандық және ресейлік сарапшылар ақпараттық модельдеуді кәсіпорындарда қолданудыӊ табысты кейстерініӊ қатарын ұсынады, құрылыс саласын цифрландыру жолында пайда болуы мүмкін ықтимал кедергілер қарастырылатын болады.

Жақын арада Қазақстандағы мемлекеттік инвестициялар тартылған барлық маӊызды құрылыс объектілері ақпараттық модельдеу технологияларын (ҚСАМТ) пайдалана отырып құрылатынын айта кету керек. 2017 жылдыӊ сәуірінде Қазақстан Республикасыныӊ Инвестициялар және даму министрі Құрылыс объектілерін жобалау кезінде ақпараттық модельдеу технологияларын енгізу бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті. Жоспарды іске асырудыӊ шеӊберінде "ҚазҚСҒЗИ" АҚ жақын келешекте отандық құрылыс саласыныӊ дамуыныӊ көрінісін көрсететін Қазақстан Республикасыныӊ өнеркәсіптік және азаматтық құрылысына ақпараттық модельдеу технологияларын енгізу тұжырымдамасын әзірледі.

2018-2019 жылдары құрылыс объектісініӊ өмірлік циклініӊ әр сатысында, оныӊ ішінде сараптау және пайдалану сатыларында ақпараттық модельдерге талаптар бойынша стандарттар құрылады деп жоспарланып отыр.

Анықтама

"ҚазҚСҒЗИ" АҚ - өте күрделі инженерлік-геологиялық шарттарымен аудандарды және сейсмикалық қауіпті өӊірлерді қосқанда Қазақстанныӊ құрылыс саласын дамыту саласындағы Қазақстандағы жалғыз мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау институты.

Институт 1931 жылдыӊ 7 қыркүйегінде құрылған. Қазақстанныӊ құрылыс нарығында 85 жыл тәжірибесі бар.

"ҚазҚСҒЗИ" АҚ жалғыз акционері Қазақстан Республикасыныӊ Инвестициялар және даму министрлігініӊ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті болып табылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны