22.09.2018, 20:01 8251

Алматыда мемлекеттік бағдарлама шеӊберінде жастардыӊ шығармашылық фестивалі болып өтті

Алматы 2017 жылдан бері ЮНЕСКО қалаларыныӊ шығармашылық желісіндегі музыкалық қала болып табылуына байланысты "Almaty - Youth Space" жобасыныӊ басты мақсаты жастарға арналған қолжетімді шығармашылық кеӊістіктерді ілгерілету болып табылады

Алматы. 22 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда 21 қыркүйекте "Рухани жаӊғыру" ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру шеӊберінде "Almaty - Youth Space" жастардыӊ шығармашылық кеӊістік фестивалі болып өтті.

Жоба ЮНЕСКО Клубтарыныӊ Қазақстан Ұлттық Федерациясы мен Алматы қаласы әкімдігініӊ, Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросыныӊ ұйымдастыруымен өткізілді.

"Almaty - Youth Space" (Алматы - жастарға арналған кеӊістік) 2018 жылғы Халықаралық жастар күнініӊ ғаламдық тақырыбы - "Жастарға арналған қауіпсіз кеӊістік" тақырыбына арналып Алматы жастарымен ынтымақтаса отырып әзірленген бірегей жоба болып табылады және Қала күнін мерекелеу аясында өткізілді. Бұл тақырып жастардыӊ өзін-өзӊ дамытуына, шешімдер қабылдау үдерісіне қатысуына, өз шығармашылығы мен креативтілігін дамытуға, олардыӊ өз болмысын көрсетуі мен қоғамныӊ тұрлаулы дамуына қажетті қауіпсіз алаӊдарға деген сұраныстыӊ өткірлігін тағы да бір мәрте паш етеді.

Алматы 2017 жылдан бері ЮНЕСКО қалаларыныӊ шығармашылық желісіндегі музыкалық қала болып табылуына байланысты "Almaty - Youth Space" жобасыныӊ басты мақсаты жастарға арналған қолжетімді шығармашылық кеӊістіктерді ілгерілету болып табылады, сол арқылы жастар шығармашылық және инновациялық машықтарын қалыптастыру мен ілгерілету ісініӊ қатысушысына айнала алады. Жастар қолжетімді жастарға арналған бағдарламалар мен ұйымдарға, сондай-ақ, қаладағы еріктілік бастамаларға қатысты барлық қажетті ақпараттарды ала алады. Іс-шара шеӊберінде қосымша тегін интерактивтік шеберлік сабақтарын қаладағы еӊ танымал шығармашылық тұғырнамалар өткізіп, түрлі викториналар, арт-бояушылық өнері ойындары, "Бейбітшілік үшін диалог" фотокөрмесі, сондай-ақ, дарынды қазақ жастарыныӊ концерттік бағдарламалары өткізілді. Бірегей жас әртіс Darrem концерттік бағдарламаныӊ хэдлайнері болды.

Сондай-ақ, "Almaty - Youth Space" жобасын жүзеге асыру аясында 17 тамыз бен 17 қыркүйек аралығында баршамыздыӊ өмірімізді жақсартуда, қоғамныӊ бейбітсүйгіш әрі толерантты бола түсуінде музыканыӊ атқаратын рөлі жайлы еӊ үздік идеялардыӊ байқауы болып өтті. Бұл байқаудыӊ жеӊімпаздары "Music for Peace", "Music - Generation CONNECT" және "Music is Our Heritage" аталымдары бойынша анықталады және оларды іс-шараныӊ аяқталуында Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросыныӊ директоры Криста Пиккат ханым мен Алматы әкімі Бауыржан Байбек марапаттайтын болады. Байқаудыӊ ресми серіктесі "EF Education First" білім беру компаниясы, ол жеӊімпаздарға келешек өздерін дамытуы мен жұмысына арналған сәнді планшеттер сыйлайтын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны