20.06.2008, 17:07 3381

Алматыда Мүгедектердің құқығы жөніндегі БҰҰ-ның Конвенциясы талқыланды

Алматыда Мүгедектердің құқығы жөніндегі БҰҰ-ның Конвенциясы талқыланды

Алматы. 20 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда Қазақстан қол қойып, бекітуге ниет білдіріп отырған Мүгедектердің құқығы жөніндегі БҰҰ-ның Конвенциясы талқыланды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Бұл Конвенция үлкен қаржы-қаражатты талап етеді. Атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайластырылған қоғамдық көліктер болуы керек. Арнайы жұмыс орындары құрылуы керек. Қазақстанның бұл қаражатты табатын мүмкіндігі бар. Қазақстан президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия осы Конвенцияға қол қойып, бекітуді қажет деп тауып отыр", - деп мәлімдеді агенттік тілшісіне берген сұхбатында ҚР президентінің Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының хатшысы Тастемір Ибішев.

"Адам құқықтары жөніндегі комиссия мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығының жағдайы туралы ҚР президентіне арнайы баяндама дайындауда. Онда біз мүгедектер үшін жұмыс орындарын жасайтын фирмалар мен кәсіпорындар үшін жеңілдіктер жасауға немесе басқа да ұйымдардың алдында басымдық беруге кеңес береміз. Егер мұндай жеңілдіктер болмаса, ешкім де өзіне мүмкіндігі шектеулі жанның жұмыс істегенін қаламайды", - деп толықтырды ол.

Конвенцияны талқылау кезінде Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Мәулен Мұқашев хабарлағандай, қазіргі уақытта Қазақстанда заңға сәйкес мүгедектерге жәрдемақы, арнайы мемлекеттік жәрдемақы, сондай-ақ, медициналық, білім беру және әлеуметтік қызметтер түрінде мемлекеттік қаражат есебінен әлеуметтік көмек берілетінін хабарлады.

Сонымен қатар, ол 35 217 мүгедек тұратын Алматыда олар протездік-ортопедиялық және сурдотехникалық көмекпен, санитарлық-курорттық сауықтырумен және арба-креслолармен қамтамасыз етілетіні жайында таныстырды. Отбасының жан басына шаққандағы табысына байланысты атаулы, баспана және бір реткі материалдық көмектер рәсімделеді.

"Илеуметтік мекемелердің желісін дамыту бойынша шаралар қабылдануда. Медициналық-әлеуметтік мекемелер өздерінің материалдық-техникалық базаларын дамыту, заманауи құралдарды сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Жүйкелік-психологиялық аурулармен ауыратын балалар үшін интернат салына бастады. Осы мақсатқа 3,5 млрд теңге қарастырылған. Мүгедектер үшін қалалық реабилитациялық орталық салу жоспарланып отыр", - деді М. Мұқашев.

Ол сондай-ақ, мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына қол жетімділігін қамтамасыз етуге айрықша көңіл бөлініп отырғанын жеткізді. Алайда көптеген мекемелер талаптар мен нормаларға жауап бермей отыр.

"Конвенция әлеуметтік қорғау мен қайырымдылқтан бас тартып, Адам құқықтарының концепциясына жақындатуды ұсынады. Бұл ресурстарды қайта бөлу деген сөз. Қазір мемлекет ресурстарды негізінен мүгедектерді одан сайын тәуелді қылуға бағыттап отыр. Және ресурстар көбінесе мүгедектерді қоғамнан аластатуға жұмсалып жатады. Конвенция қаражатты мүгедектердің қоғамның мүшесі болуы үшін және соның нәтижесінде олар мемлекет пен қоғамға пайда әкелуі үшін жұмсауды ұсынады", - деп мәлімдеді С. Котова.

Қазіргі уақытта Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі 407 мың адам тұрады. Илемде олардың саны барлық халықтың 10 пайызын құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны