25.03.2007, 17:04 3268

Алматыда наразылық шарасына қатысушылар тоғызыншы күні тамақтан бас тартуда, аштық жариялағандардың жағдайы мүшкіл

Алматыда наразылық шарасына қатысушылар тоғызыншы күні тамақтан бас тартуда, аштық жариялағандардың жағдайы мүшкіл

АЛМАТЫ. 25-наурыз. Kazakhstan Today. Алматы қаласының Бостандық ауданында тұратын үйлері бұзылатын тұрғындар тоғызыншы күні тамақтан бас тартуда, аштық жариялағандардың жағдайы мүшкіл, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі оқиға орнынан.

Аштық жариялай бастаған бес адамнан қазір үшеуі шараны жалғастыруда. Ашық аспан астында аштық жариялап жатқан адамдар жаппай тоңып қалған, тыныс алу жолдары ауырған. Соған қарамастан өткен демалыс күндері олардан ешкім де дәрігерден көмек сұраған жоқ. "Жедел жәрдемді" шақырған жоқпыз, ауруханаға жатудан бас тартамыз, өйткені, бізге аштық жариялау орнынан кетуге болмайды",- деді шараға қатысушы Гүлжан Нұрмамбекова. Тек сенбіге қараған түні өту суық болуға байланысты шараға қатысушылар үйді-үйлеріне уақытша тарады.

Қазір шараға қатысушылар кейбір шарттармен келісіп отыр. "Біз кейбір шарттармен келісіп, енді жоспардағыдан аз ақша сұрап отырмыз. Қолымызға жазбаша кепілдік беріліп, онда өтемақы мөлшері айқын көрсетілген жағдайда біз аштықты дереу тоқтатамыз",- деді Г.Нұрмамбекова.

Алайда, аштыққа қатысушылардың айтуына қарағанда, құрылыс салушы компанияның басшылығынан әзірге ешқандай нақты ұсыныс келіп түспеген. "Мәселені шешеміз деген құр уәдемен ғана шектелуде. Қазір олар тіпті бізге келмейтін болды, бізбен тілдескілері келмейді",- деді Г.Нұрмамбекова. Бостандық аудандық әкімшілігінің өкілдері де келіссөздердің барысына және аштық жарияланғандардың жағдайына мән бермей отыр. Өткен демалыс күндері аудан басшылығынан оларға ешкім келмеген.

Осы орайда еске сала кетсек, тіпті өткен дүйсенбіде шараға қатысушылармен жүзедескен аудандық әкімшіліктің өкілі Алматы қаласының әкімі құрылыс салушы компанияға наразылық шараға қатысушылармен арадағы дауды реттеуді тапсырған.

Қазір шараға қатысушылар Бас прокуратураға, қалалық және аудандық әкімшіліктерге хат дайындауда. "Хаттарда біз "Алматыжер" МКК басшылығы мен Бостандық аудандық №2 сотының тарапынан біздің құқығымызды бұзу оқиғаларына назар аудардуды сұраймыз",- деді Г.Нұрмамбекова. Шараға қатысушылар аштық жариялау шарасының нәтижесіне қатысты жауапкершілікті "Мега-инвест сервис" компаниясына жүктеп, олардан моральдық шығынды өтеп беруді талап етуде.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Бостандық ауданының тұрғындары аштық жариялау шщарасын 16-наурызда бастаған. Бастапқыда сегіз адам бастама көтергенімен, олардың үшеуіне денсаулық жағдайына байланысты қатысушылардың өзі шараға қатысуға рұқсат бермеді. Үшінші күні денсаулығына байланысты 75 жастағы Петр Семенович Гулькин аштықтан бас тартты.

Адамдар "Алматыжер" тәркілеп алған жер учаскелері мен бұзылатын үйлер үшін төленетін өтемақыны арттыруды талап етуде. Аштық жариялаушылардың айтуынша, "Мега-инвест сервис" ұсынып отырған ақшаға оңтайлы үй сатып алуға мүмкіндік жоқ. Тұрғындардың айтуынша, құрылыс салушы компания бұл жерде қызмет көрсету нысандары бар көп пәтерлі тұрғын үйлер тұрғызбақшы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны