23.11.2012, 18:42 2666

Алматыда негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 350,3 млрд теңгені құрады

BNews.kz ақпараттық агенттігінің қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, қалада ноу-хау технологиялармен жасалып жатқан өнімдер көлемі көбеюде. Мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылған 3 жыл барысында өндірілген өнім көлемі 37%-ға артты. Биыл өндіріс көлемінің артуы байқалды.

Алматы. 23-қараша. Kazakhstan Today - Алматыда негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 350,3 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, қалада ноу-хау технологиялармен жасалып жатқан өнімдер көлемі көбеюде. Мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылған 3 жыл барысында өндірілген өнім көлемі 37%-ға артты. Биыл өндіріс көлемінің артуы байқалды.

Қаланың өндірістік кәсіпорындары өздері шығаратын өнімдерінің сапасын арттырып, халықаралық сертификаттарға қол жеткізуде. Индустриаландыру картасы бойынша өндіріске енгізілген 16 жобаның 3-і Халықаралық сапа менеджменті жүйесіне сәйкестік сертификатын алса, 9 жоба өз саласында новаторлық бейнесін сақтап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны