19.01.2011, 14:10 4377

Алматыда облыстық қоғамдық көліктердің қала аумағына кіруіне тыйым салынады

Алматы қаласының ауа қабатының ластану деңгейін төмендетіу мақсатында облыстық қоғамдық көліктердің қала аумағына кіруіне тыйым салынады. Бұл туралы кеше Алматы қаласы мәслихатының ХХХVI сессиясында белгігі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Алматы. 19 - қаңтар. Kazakhstan Today - Алматы қаласының ауа қабатының ластану деңгейін төмендетіу мақсатында облыстық қоғамдық көліктердің қала аумағына кіруіне тыйым салынады. Бұл туралы кеше Алматы қаласы мәслихатының ХХХVI сессиясында белгігі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, отырыс барысында депутаттар облыстық қоғамдық көліктерге арналған бес айналма алаң салу мәселесін талқылаған.

Алаңдар облыстық қоғамдық көліктердің қаланың кіре берісінде аялдау үшін салынады. Бұл шара қала ауасының ластану деңгейін төмендету үшін қажет, деп түсіндірді әкімшіліктегілер.

"Азия ойындарынан кейін біз Алматы облысының басшылығымен және құқық қорғау органдарымен бірлескен отырыс өткізіп, осы мәселені талқылайтын боламыз",- деді Алматы әкімі Ахметжан Есімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны