26.01.2015, 19:36 4338

Алматыда оқыту қаруларын ұрлаған қылмыскерлер ұсталды

Алматы колледждерініӊ бірінде алғашқы әскери дайындық сабағы кабинетінен бірнеше оқыту қаруларыныӊ жоғалғандығы туралы хабарланған. Муляж қаруларды ұрлады деген күдікпен 20 жастағы екі жігіт ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып

Алматы. 26 қаӊтар. Kazakhstan Today - Алматы колледждерініӊ бірінде алғашқы әскери дайындық сабағы кабинетінен бірнеше оқыту қаруларыныӊ жоғалғандығы туралы хабарланған. Муляж қаруларды ұрлады деген күдікпен 20 жастағы екі жігіт ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Күдіктілердіӊ бірі жұмыссыз болса, екіншісі жоғары оқу орныдарыныӊ бірінде оқиды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Олар кабинетке кіру үшін терезе торын кескен. Кейін "АКС-74" маркалі автоматтыӊ 4 муляжын (атылмайтын, тек оқытуға арналған), 2 "ИЖ-60" пневматикалық пистолетті қолды қылған. Осылайша қылмыскерлер 220 мыӊ көлемінде шығын келтірді. Полицияға колледж директоры арыз жазған.

Қылмыстық іс қозғалған соӊ тергеушілер күдіктілерді тапты. Қазір олар ешқайда кетпеу туралы қол хат жазып, үйлерінде отыр", - деді Бостандық ауданы ІІБ полиция бөлімініӊ басшысыныӊ бірінші орныбасары Құмарбек Кеншінбаев.

Тәркіленген қарулар қазір іс материалдарына айғақ зат ретінде тіркелді.

Сұрақ-жауап кезінде жастар қылмыс туралы ойламағандарын, тек қаруды қызықтағандарын айтып ақталды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны