16.08.2012, 10:46 3271

Алматыда "Олимпиада медалі" ескерткіші ашылды

Оны қалалық жастар саясаты басқармасының бастығы Санжар Боқаев бүгін Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы алдында ашылған "Олимпиада медалі" ескерткішінің ашылу рәсімінде айтты.

Алматы. 16-тамыз. Kazakhstan Today - Алматыда "Олимпиада медалі" ескерткіші ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл Лондондағы және алдағы уақытта болатын өзге де олимпиада ойындарының жеңімпаздарына Алматы жастарының тартуы.

Оны қалалық жастар саясаты басқармасының бастығы Санжар Боқаев бүгін Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы алдында ашылған "Олимпиада медалі" ескерткішінің ашылу рәсімінде айтты.

"Оның идеясы боксшы Олимпиада чемпионы және ең үздік боксшыға берілетін Вэл Баркер кубогының иегері Серік Сәпиевтің тамаша жеңісінен кейін туындады. Ерікті жастар жиналып, өз қаржысына 3 түн ішінде Олимпиада жеңімпаздарының құрметіне осы ескерткішті жасап шықты. Темірден жасалып, алтын түстес бояумен боялған бұл медальдің салмағы 314 кг., диаметрі 1,5 метр, қалыңдығы 30 см. "Олимпиада медалі" 2017 жылғы қысқы универсиада ойындарына дейін қала тұрғындары мен қонақтарының қуанышына куә болады деп жоспарлап отырмыз", - дейді С. Боқаев. Оның айтуынша, ескерткіштің ашылу рәсіміне балалар мен жасөспірімдер клубтарының тәрбиеленушілері арнайы шақырылып отыр. Мақсат - оны өз қолдарымен ашуға мүмкіндік беру арқылы, рухтарын жанып, алдағы Олимпиада ойындарына дайындықты бастауға түрткі болу. Оған бюджеттен ешқандай қаржы жұмсалған жоқ. Оның авторы деп ешкімді бөліп айтуға болмайды. Өйткені оны әзірлеуге 20 ерікті жас қатысты. Ескерткіш Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері Алматыға келгенде көрсетіледі деп көзделуде.

Ескерткішті ашу салтанатына қала әкімдігінің өкілдері мен жас спотшылар және отандық спорт қатысты, олардың көпшілігі өздерінің әр жылдардағы медальдарын алып келді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны