22.09.2018, 19:41 7351

Алматыда өткен семинарларда мемлекеттік қызметкерлердіӊ еӊбекақысын төлеудіӊ жаӊа жүйесі талқыланды

Сондай-ақ, оныӊ айтуынша, жалақыны көтергеннен кейін Алматы департаментіндегі мамандардыӊ тұрақтамау көрінісі екі есе азайған. Бір бос жұмыс орнына байқау 4 еседен астам өскен.

Алматы. 18 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Алматы қаласы бойынша департаментініӊ басшысы Данияр Таумұрат Алматы қаласыныӊ қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мен Қазынашылық департаментініӊ мемлекеттік қызметкерлеріне арнап мемлекеттік қызметкерлердіӊ еӊбекақысын төлеудіӊ жаӊа факторлық-баллдық шкаласы жүйесін қолданысқа енгізу бойынша көшпелі семинар-жиындар өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Іс-шараға 200-ден астам мемлекеттік қызметкер қатысты.

Данияр Таумұраттыӊ айтуынша, Қазақстанда 2018 жылдыӊ қаӊтарынан бастап Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ және оныӊ аумақтық бөлімшелерініӊ мемлекеттік қызметкерлерініӊ еӊбекақысын төлеудіӊ жаӊа жүйесі бойынша пилоттық жобалар Иділет министрлігінде, Астана қаласы мен Маӊғыстау облысы әкімдіктерінде әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердіӊ еӊбекақысын төлеудіӊ жаӊа жүйесі енгізілді.

Тұтастай алғанда жаӊа жүйені енгізу бірдей жұмыс атқарғаны үшін теӊ жалақы төлеу, сондай-ақ, "100 нақты қадам" Ұлт жоспарында қарастырылғандай, еӊбекақыны нәтижеге сәйкес төлеу принципін жүзеге асыруға мүмкіндік тудырды.

Сондай-ақ, оныӊ айтуынша, жалақыны көтергеннен кейін Алматы департаментіндегі мамандардыӊ тұрақтамау көрінісі екі есе азайған. Бір бос жұмыс орнына байқау 4 еседен астам өскен.

Келешекте сәтті шыққан пилоттық сынақ нәтижелері басқа да мемлекеттік органдарға таратылатын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны