23.06.2018, 23:32 11656

Алматыда Полиция күні мен Мемлекетік қызметкер күніне арналған мерекелік концерт өтті

"Алматыны 2020 жылға дейін дамыту Бағдарламасыныӊ басты мақсаттарыныӊ бірі әлемніӊ жетекші қалаларындай, адамдардыӊ қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қала кеӊістігін құру болып табылады. Міне, мұнда құқық қорғау органдарына үлкен жауапкершілік жүктеледі", - деді әкім.

Алматы. 23 маусым. Kazakhstan Today - Алматыда Полиция күні мен Мемлекетік қызметкер күніне арналған мерекелік концерт өтті. Мерекелік шараға жиналғандарды сахнадан артистер мен отандық эстрада жұлдыздары: қаланыӊ ІІД-ніӊ оркестрі, Мәдина Сәдуақасова, Бүркіт пен Аиша,"ILCANTO" квартеті, Или Оқапов, Жәмилә Серкебаева, "Азия" және "Асыл" топтары,Ұлан Иубәкіров, Қайрат Игіліков және басқалары құттықтады.

Салтанатты шара барысында қала әкімі үздік мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау қызметкерлерін алғыс хаттармен марапаттап, құқық қорғау органдарыныӊ кәсіби мерекесі - қазақстандық полицияны табандылықпен құрғандардыӊ және олардыӊ қатарында еӊбек етіп жүргендердіӊ барлығына көрсетілген құрмет екенін атап өтті.

"Алматыны 2020 жылға дейін дамыту Бағдарламасыныӊ басты мақсаттарыныӊ бірі әлемніӊ жетекші қалаларындай, адамдардыӊ қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қала кеӊістігін құру болып табылады. Міне, мұнда құқық қорғау органдарына үлкен жауапкершілік жүктеледі", - деді әкім.

Ол өзініӊ сөзінде құқық қорғау органдарыныӊ сапалы жұмыс атқарулары үшін қала әкімдігі мегаполистіӊ ІІД-не жан- жақты қолдау көрсетіп келе жатқанын айтты. Мысалы, полиция қызметкерлерін материалдық-техникалық жағынан қамту 2 жыл ішінде ғана 23%-ға артып, 87%-ға жетті Наурызбай ауданында Ішкі істер бөлімі салынды,автопарк жаӊарды, заманауи цифрлы құралдармен қамтамасыз ету ұлғайды. Осыныӊ барлығы заӊдылық пен құқықтық тәртіпті сақтауда қызметкерлердіӊ жеделдігі мен ашықтығын арттыруда.

Тәуелсіздік жылдары 1100-ден астам алматылық қызметкерлер мемлекеттік марапаттарды алды, олардыӊ ішінде "Даӊқ пен Құрмет","Даӊқ" пен "Айбын" ордендерініӊ, "Ерлігі үшін" медальдарыныӊ иелері бар.


"Бүгін мұнда батыр-полицейлер де бар. Сіздердіӊ ерен еӊбектеріӊіздіӊ арқасында көп адамдардыӊ өмірі сақталды. Ерліктеріӊіз бен батылдықтарыӊыз үшін Сіздерге орасан зор алғыс айтамыз.Заӊдылық пен адамдарды қорғау үшін өмірлерін қиған қызметкерлердіӊ жақындары мен туыстарына ерекше ілтипатымды білдіремін. Біз Сіздердіӊ қайғыларыӊызға ортақпыз, батырларды мәӊгі есте сақтау үшін қолдан келгенніӊ бәрін жасаймыз!", - деді Б.Байбек.

Бұдан өзге, мегаполис басшысы ҚР Президенті Н. И. Назарбаевтыӊ тиімді мемлекеттік аппарат жасау үшін тиісті реформаларды қабылдағанын атап өтті. Мысалы, соӊғы жылдары мемаппарат тиімділігін арттыру үшін жүйелі шаралар жүзеге асты: мемлекеттік қызметке қабылдаудыӊ үш сатылық жүйесі енгізілді. "А" корпусын құру барысында дарынды әрі жемісті басқарушыларды сатылап жоғарылату ашық жүре бастады. Қызметкерлердіӊ атқарған жұмысына орай жалақысы да заӊмен бекітілді, олар кәсіби жағынан жүйелі шыӊдалуда.

Айта кетерлігі,"ҚР Үздік мемлекеттік қызметкері" республикалық конкурсыныӊ қорытындысы бойынша төрт алматылық үздіктер қатарынан табылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны