23.05.2018, 14:32 7506

Алматыда республикалық "BAYAN SULU 2018" жобасыныӊ жеӊімпазы жұртшылыққа таныстырылды

Естеріӊізге сала кетейік, байқау аясында ұйымдастырушылар Қазақстанныӊ әр түкпіренен 23 000 жуық жобаға қатысуға өтінішті қабылдады, арнайы модерациядан 3000 өтініш өткізілді.

Алматы. 23 мамыр. Kazakhstan Today - Алматыда 22 мамыр күні ұйымдастырушылар халықтық лиро-эпосыныӊ кейіпкері - Баян Сұлудыӊ еӊ үздік бет-бейнесін таӊдау мақсатында өткізілген "BAYAN SULU 2018 Халықтық бейне - Халық таӊдауы" жобасыныӊ жеӊімпазын жұртшылыққа таныстырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

19 жастағы астаналық Адинай Римхаш республикалық байқауда үздік шықты.

Жеӊімпаз-ару супер-жүлде автокөлікке ие болып, "Баян Сұлу" кондитерлік фабрикасыныӊ бет-бейнесі атанды.

Естеріӊізге сала кетейік, 13 мамыр күні онлайн дауыс беруде республика бойынша еӊ көп дауыс жинаған 5 қатысушыныӊ есімі анықталған болатын және олар финалдық кезеӊге жолдама алды.

Финалға өткен қатысушылар: Адинай Римхаш (Астана), Жанар Сәкенова (Атырау), Айгерім Қалиева (Алматы), Мадина Лепесбай (Актау), Қорлан Мұрат (Алматы).

Мерекелік ақтық бәсеке 19 мамыр күні Алматы қаласындағы "Мега- 2" сауда ойын-сауық орталығыныӊ атриумында өтті. Жүзден жүйрік шыққан финал қатысушыларын құрамына ғылым, мәдениет, дизайн, БАҚ өкілдері және медиа-тұлғалар енген әділ қазылар алқасы бағалады.

"Таӊдау қиынға соқты. Бес қатысушымыз да жеӊіске әбден лайықты. Біз ақтық бәсекеге арналған тапсырмаларды мейлінше әділ ұйымдастыруға талпындық. Себебі, әр арудыӊ әр бағытта, әр салада өзінше талантты екені белгілі. Қазылар құрамына танымал тұлғалар, мәдениет және өнер майталмандары мен дизайнерлер кірді. Сондықтан да, үздік образды таӊдау барысында барынша әділетті болуды мақсат еттік", - деді ұйымдастыру комитетініӊ төрағасы Марлен Абулғазинов.

Суперфинал бағдарламасы 4 байқау тапсырмаларынан құралды: Өзін-өзі таныстыру (қатысушы өзі туралы, қызығушылығы және өнерлі қырлары туралы айтады) және дизайнерлік киімде сәнді дефиле; Образды қорғау - қатысушы Баян Сұлу образын қалай түсінеді, би және сөз сөйлеу; Кәсіби ансамбль сүйемелдеуімен ән орындау; "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" эпосы хақында сұрақтар, "Баян Сұлу" фабрикасы туралы және жол жүру ережесі туралы сауалдар.

Ир кезеӊніӊ қорытындысы бойынша қазылар алқасы қатысушыларды ұпай санымен бағалап отырды.

"Жобаға қатысуға өтініш білдіргенде, финалға жетемін деп ойламадым. Алайда, маған ұйымдастырушылар қоӊырау шалғанда қатты қуандым. Финалға дейін бірнеше күн бойы ақтық бәсекеге әзірлендік. Біз осы күндері Алматы таулары баурайында орналасқан қонақ үй кешенінде орналастық. Вокал, би, ұлттық киім тарихы туралы шеберлік сыныптары өткізілді. Сонымен қатар, күнделікті спортттық жаттығуларды да жасадық. Барлығымыз осы уақыт ішінде бір-бірімізге бауыр басып үлгердік. Осындай мүмкіндік үшін ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіргіміз келеді, жоба аясында жақын достар таптық", - деп ағынан жарылды баспасөз конференциясында байқау жеӊімпазы Адинай Римхаш.

Баян Сұлу биязылық пен көркемдіктіӊ, шынайы махаббаттыӊ символы. Алайда, оныӊ бет-әлпеті, сөз саптауы және өзін-өзі ұстау әдебі біздіӊ көзқарасымызда қандай?

Осындай сауалдыӊ жауабын іздеген ұйымдастырушылар қазақстандық қыз-келіншектер арасынан лиро-эпостық жырдыӊ кейіпкері Баян Сұлудыӊ бүгінгі образын іздеді. Байқау 20 ақпан күні басталып, 3 айға жалғасты. halykbayansulu.kz сайтында мыӊдаған интернет қолданушысы өзі үздік деп тапқан қатысушыға дауыс берді.

Естеріӊізге сала кетейік, байқау аясында ұйымдастырушылар Қазақстанныӊ әр түкпіренен 23 000 жуық жобаға қатысуға өтінішті қабылдады, арнайы модерациядан 3000 өтініш өткізілді.

АҚПАРАТ ҮШІН:

BAYAN SULU 2018 - әлеуметтік маӊызды сипатқа ие республикалық деӊгейдегі жоба, байқау қазақ халқыныӊ мәдени мұрасы мен дәстүрлерін насихаттауға бағытталған.

Жоба ұйымдастырушылары қазақстандық қыз-келіншектерге халықтық кейіпкердіӊ бүгінгі бет-бейнесін таныстыру мүмкіндігін сыйлады. Ал, қазақстандықтар өз дауыстарын осы образға еӊ лайықты деп танылған аруға берді. Онлайн байқауға қатысу үшін 18 бен 35 жас аралығындағы қыз-келіншектер www.halykbayansulu.kz сайтына тіркеліп, арнайы анкетаны толтырып, өз фотосуреттерін және бейне-ақпаратты жүктеуі тиіс болатын. Видеода аӊыз кейіпкері - Баян Сұлудыӊ бейнесі туралы және оны сомдауға неліктен өзі лайықты екені хақында әӊгімеледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны