20.02.2015, 16:26 4653

Алматыда шіркеудегі өрт өшірілді

Алматыда Петр мен Павл шіркеуіндегі өрт өшірілді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Нұрбек Қожахметов айтты

Алматы. 20 ақпан. Kazakhstan Today - Алматыда Петр мен Павл шіркеуіндегі өрт өшірілді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Нұрбек Қожахметов айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Ғимараттыӊ негізгі шатыры өртенген. өрт ауданы 200 шаршы метр болды. Өрт сөндіруге 70 адам, 14 арнайы техника жұмылдырылды.

Бір сағаттыӊ ішінде өрт сөндірілді", - деді Н.Қожахметов, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Қазір ғимараттан 17 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Өрттіӊ себебі анықталуда.

Төтенше жағдай туралы хабарлама таӊғы сағат 10:27-де түскен.

Ешкім жапа шеккен жоқ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны