30.04.2008, 14:03 6194

Алматыда судың тарифтерін өзгерту жөніндегі қоғамдық тыңдаулар өтпей қалды

Алматыда судың тарифтерін өзгерту жөніндегі қоғамдық тыңдаулар өтпей қалды

Алматы. 30 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда судың тарифтерін өзгерту жөніндегі қоғамдық тыңдаулар өтпей қалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Бүгін Алматы қалалық әкімшілігінде судың тарифтерін өзгерту жөніндегі қоғамдық тыңдаулар өтуге тиіс болатын. Алайда қалалық антимонополиялық комитетінің өкілдері келген жоқ.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Водоканал" ҚКК мен Алматы қалалық әкімшілігі суға әртүрлі тариф енгізбекші. "Бір текше метрі үшін 19 теңге деген тариф тұтынушыларға тазартылған су жеткізуге жұмсалатын шығындарға мүлдем сәйкес келмейді. Жуырда мен монополияға қарсы күрес агенттігіне тарифті түрлі белгілеу жөнінде ұсыныс жасадым. Халық үшін баға өспейді, тіпті өсе қалғанда да айтарлықтай өспейді. Ал басқа тұтынушыларға келсек, олар үшін біз тарифті көтеретін боламыз", - деді қала әкімі А. Есімов.

Бұл мәселе бүгін таңертең жан-жақты талқылануға тиіс болатын. "Водоканал" ҚКК басқарушы директоры Қуаныш Базиловтың айтуынша, әртүрлі тариф белгілеуге монополияға қарсы агенттік келісімен бергеннен кейін ғана олар нақты есеп-қисапқа кірісе алады. Изірге мұндай келісім берілген жоқ. "Монополияға қарсы күрес мекемесі өкілдерінің өз ұстанымы шама келгенше тарифтің өсуін тежеуге саяды. Сол себепті ол экономикалық негізді емес, әлеуметтік бағытта. Бірақ, тарифті кәсіпорнын аяғынан тұратындай деңгейде тежеу керек", -деді Қ. Базилов.

Қ. Базиловтың түсіндіруінше, қазіргі тарифте (литріне 19 теңге) "Водоканал" ҚКК қызметкерлерінің орташа жалақысы 34 мың теңге көлемінде есептеліп қамтылған. Желі мен жабдықтарды жөндеуге 200 млн теңге қарастырылған, бұл қажетті қаржыдан ондаған есе аз. Сол себепті қазір желі жөнделмейді және олар 70% ескірген.

"Біз тәулігіне бір адамға 150 литр (4,5 текше метр) көлемінде тұтынатын тұрғындар үшін тарифтерді көтермеуді ұсындық. Ал халықтың қалған бөлігін 3-4 санатқа бөліп, тиісінше жаңа тариф белгіленеді. Барлық шығындарды нақты есептегенде, бір литр судың өзіндік құны 45 теңге болады. Есептерді осыған негіздеп жасаймыз", - деді Қ. Базилов.

Ал антимонополиялық мекеменің өзінен осы жөнінде түсініктеме алу әзірге мүмкін болмай отыр. Қазір осы мәселе бойынша кеңес өтуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны