18.05.2012, 11:53 3288

Алматыда тұңғыш трамвай-кафе ашылды

Бірақ мұнда көлікке мініп көне жәдігер тамашаламайсыз. Оңтүстік астанадағы трамвайдан дәм татуға мүмкіндік бар. Дәлірек айтсақ, Алматы көшесінде енді трамвай-кафе жүреді. Жылжымалы дәмхананың келушілері қазірден жетіп артылады.

Алматы. 18-мамыр. Kazakhstan Today - Алматыда тұңғыш трамвай-кафе ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

КТК телеарнасының хабарлауынша, трамвайды тек қоғамдық көлік ретінде қарау енді орынсыз сияқты. Павлодардағы трамвай-мұражайдан соң іле шала Алматыда да осындай жылжымалы қоғамдық орын пайда болды.

Бірақ мұнда көлікке мініп көне жәдігер тамашаламайсыз. Оңтүстік астанадағы трамвайдан дәм татуға мүмкіндік бар. Дәлірек айтсақ, Алматы көшесінде енді трамвай-кафе жүреді. Жылжымалы дәмхананың келушілері қазірден жетіп артылады.

Дәмхана иелері бұл ойдың қалжыңнан туғанын айтады. Сөйтіп бір күнде қабылданған шешімді жарты жыл іске асырыпты. "Бастапқыда, істен шыққан трамвайды қайта қалыпқа келтіргені болмаса, дизайнерлік жұмыстары түкке тұрмады" - дейді олар. Қазір жалға алынып отырған қоғамдық көлік 3 жылдан кейін олардың меншігіне өтуі тиіс. Изірге, мемлекет меншігіндегі трамвай қала көшелерімен күніне үш мәрте айналым жасайды. Бизнестің ерекше түрін ойлап тапқандардың сөзіне сенсек, қонақтардың дені тамақтану үшін емес, түңгі қаланың көрінісін тамашалауға келеді екен.

"Естігенбіз, Санк-Петербургтағы речной трамвайды ұрлап кетті деп. Сосын ойлап, оооо, трамвай! Неге? Жасауға болады екен деп. Содан аштық, жүріп жүрміз", - дейді дәмхана иесі Бақтияр Сәдуақасов

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны