27.05.2008, 16:40 3263

Алматыда ұлттық үлескерлерді қорғау қауымдастығы құрылады

Алматыда ұлттық үлескерлерді қорғау қауымдастығы құрылады

Алматы. 27 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда ұлттық үлескерлерді қорғау қауымдастығы құрылады, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Қазақстан тұтынушылар лигасы" заңды тұлғалардың бірлестігіне сілтеме жасап.

Қазақстан тұтынушылар лигасының түсініктемесіне сәйкес, "кейінгі уақытта құрылыс салушылардың үлескерлер алдындағы міндеттемелерін орындамауына қатысты азаматтардың арыз-шағымдары күрт көбейген.

Қазақстан тұтынушылар лигасына күн сайын көшеде қалу немесе банктерден тәуелділікке ұшырау қаупі төнген ондаған үлескер келіп шағымданады".

Құрылыс салушылардың үлескерлер алдындағы міндеттемелерін орындамауы қосымша тауқыметтер туғызатын түрі бар. Атап айтсақ, олар үйдің пайдалануға берілуін күту барысында пәтер жалдауға мәжбүр, өйткені олар құрылысқа үлеспен қатысу үшін өздерінде бар пәтерлерін сатады. Үлескерлер ипотекалық несие рәсімдеп, жылдар бойы күтуге мәжбүр болатын пәтер үшін банк процентін төлейді.

Сонымен бірге, Қазақстан тұтынушылар лигасының түсіндіруінше, "банктер проценттік ставкаларды 14-тен 18 процентке дейін біржақты ұлғайтуда. Несие алушылардың оны алу үшін кепілге қойған мүлкі жаппай қайта бағалануда, соған байланысты банкирлер не қосымша мүлікті кепілге қой, кепілгер тап, немесе, несиені шұғыл қайтар" деп ультиматум қоятын болды.

Ал заңнамаға сәйкес, қарызды қайтара алмаған адам соттың шешімімен бас бостандығынан айырыла алады.

"Тұрғын үй құрылысына үлеспен қатысу жөніндегі" заң үлескерлердің осы және одан да өзге көптеген проблемаларын шеше алмайды. Тұтынушылар лигасының хабарлауынша, болашақ үлескерлер қауымдастығы "заңнамаға үлескерлердің құқығын қорғауға бағытталған өзгерістер енгізуге септігін тигізеді". Атап айтсақ, жеке тұлғалардың банкроттыққа ұшырау процедурасын заңмен бекітіп, банктердің несиелік ставкаларды көтеру мүмкіндігін шектеу қажет.

Тұтынушылар лигасы сондай-ақ, девелоперлік компанияларға банктер мен мемлекет тарапынан дағдарыстық басқарушыларды енгізу қажет және олар үлескерлер қаржысының мақсатты пайдаланылуын қадағалауы қажет деп санайды.

Сондай-ақ, болашақ үлескерлер қауымдастығы үлескерлердің сауатын арттыруға бағытталған бірқатар шараларды жүзеге асыруды жоспарлауда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны