23.04.2007, 11:51 3584

Алматыда VI Еуразиялық медиа-форум жұмысын аяқтады

Алматыда VI Еуразиялық медиа-форум жұмысын аяқтады


АЛМАТЫ. 21-сәуір. Kazakhstan Today. Алматыда алтыншы Еуразиялық медиа-форум жұмысын аяқтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"2001жылы форум өткізу идеясын ойластырғанда, біз тек БАҚ проблемаларына ғана тоқталамыз деп ойлағамыз, алайда тек медиа мәселелеріне назар аударғандығымыз дұрыс емес және болжамсыздық болар еді",- деді ЕАМФ ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева . "Саясат пен журналистика тығыз байланысты. Біздің кәсіби жауапкершілігіміз зор",- деп атап өтті ол.

Форум үш күн жұмыс істеді. Осы аралықта форумға қатысушылар мен қонақтар Таяу Шығыс проблемаларына қатысты тақырыптарды талқылады: Иран мен Солтүстік Кореяның ядролық саясатын, және аталған мемлекеттердің халықаралық қоғамдастықпен қарым - қатынасының ушығуын; ТМД елдеріндегі БАҚ-тың демократиялануын; Еуразия аймағы мемлекеттерінің энергетикалық және "құбыр желісі" қауіпсіздігін; жастар мәдениетінің БАҚ дамуына ықпалы және т.б.

"Медиа форумның тақырыптарын өмір айқындайды",-деді Д.Назарбаева. "Ирак, Ауғанстан, ядролық потенциал - халықаралық саясаттың назарында",- деп атап өтті ол. Бүгінгі таңда ушыққан эмоциялар бәсеңсігендей, қалыптасқан жағдайды саралап, одан шығу жолдарын қарастыруға талпыныс бар",- деді ол.

Медиа-форумның жұмысына әлемнің 50 елінен 600-дей өкіл қатысуда. Олардың арасында Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, АҚШ, Израиль, Турікменстан, Грузия, Германия, Франция, Изербайжан елдерінің саясаткерлері мен жетекші БАҚ-тарының өкілдері қатысуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны