24.04.2009, 18:47 3428

Алматыда VIII Еуразиялық медиафорум аяқталды

Алматыда VIII Еуразиялық медиафорум аяқталды

Алматы. 24 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда VIII Еуразиялық медиафорум аяқталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Ир форумды ашу және кезекті форумды және өздеріңізбен жаңа кездесуді күту - қуаныш болса, форумды жабу - оның көңілге кірбең ұялататын сәті. Осы форумдағы қызғылықты пікірталастардан әрқайсымыз бір асыл ой, тұшымды тұжырым түйдік деп сенемін. Бәлкім, тіпті түрлі мәселелер бойынша әлдекім өзінің бекем сеніп келген иланымын сәл де болса, өзгерткен де шығар", - деді VIII Еуразиялық медиафорумның жабылу сөзінде форумды ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева.

Форум екі күнге созылды. Онда әлемдік қаржылық дағдарыс басты тақырып ретінде талқыланды. Форум аясында бұған қоса жаңа АҚШ президентінің сайлануы мен соған байланысты үміт-сенімдер жайлы, сондай-ақ, қазіргі заманғы журналистиканың объективтілігі туралы мәселе де сараланды.

Еуразиялық медиафорумға биыл 373 делегат қатысты. Соның ішінде 146 шетелдік қатысушы бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны