16.02.2018, 16:49 6080

Алматыда XIV Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті

Олимпиаданыӊ қорытындысы бойынша 10 оқушы жүлделі орындарға ие болды

Алматы. 16 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігініӊ бұйрығы негізінде 2018 жылы қаӊтар айыныӊ 11-15 күндері аралығында математика, физика және информатикадан XIV Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті.

Бұл зияткерлік олимпиадаға 73 команда (482 оқушы) қатысты, оныӊ ішінде:

50 команда 15 шетел мемлекеттерінен, 317 қатысушы;

23 команда Қазақстан Республикасынан, 165 қатысушы.

Алматы қаласынан 2 мектеп және 1 құрама командаларынан 21 оқушы №№39, 134, 165, 178 лицейлерден, "Білім инновация" лицей-интернаттан, "Тамос Эдьюкейшн" физика-математикалық мектептен және "Haileybury Almaty" мектебінен қатысты.

Олимпиаданыӊ қорытындысы бойынша 10 оқушы жүлделі орындарға ие болды (1 алтын, 4 күміс, 5 қола медаль).

Алтын медаль:

- Асматуллаев Рахман, №165 мамандандырылған лицейдіӊ 11-сынып оқушысы, математика.

Күміс медаль:

- Цехавой Алексей, №165 мамандандырылған лицейдіӊ 11-сынып оқушысы, математика;

- Құсайынов Жанболат, "Білім-инновация" лицей-интернатыныӊ 11-сынып оқушысы, информатика;

- Билялов Шыӊғыс, "Haileybury Almaty" жекеменшік мектебініӊ 11-сынып оқушысы, математика;

- Жолдасов Қуаныш, №39 мамандандырылған лицейдіӊ 11-сынып оқушысы, математика

Қола медаль:

- Зиманов Алихан, "Тамос Эдьюкейшн" физика-математикалық мектебініӊ 10-сынып оқушысы, математика;

- Шишкин Багдат, №165 мамандандырылған лицейдіӊ 11-сынып оқушысы, физика;

- Алуадин Айдын, "Білім-инновация" лицей-интернатыныӊ 11-сынып оқушысы, информатика;

- Шынтас Нұртас, "Білім-инновация" лицей-интернатыныӊ 10-сынып оқушысы, математика;

- Гаитов Рашид, "Білім-инновация" лицей-интернатыныӊ 11-сынып оқушысы, физика.

Аталған олимпиадаға:

- 2016 жылы 22 оқушы қатысып, оныӊ 8-і (36%) жүлдегер болса (2 күміс, 6 қола медаль);

- 2018 жылы 21 қатысушыныӊ 10-ы (48%) жүлдегер атанды (1 алтын, 4 күміс, 5 қола медаль).

Үш жылдыӊ ішінде жүлделі орындардыӊ саны 12 пайызға артты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны