02.02.2010, 17:57 4747

Алматыда жыл сайын 25 жасқа жетпеген 20 -дан астам адам қатерлі ісікке шалдығады

Алматыда жыл сайын 25 жасқа жетпеген 20 -дан астам адам қатерлі ісікке шалдығады

Алматы. 2 ақпан. Kazakhstan Today - Алматыда жыл сайын 25 жасқа жетпеген 20 -дан астам адам қатерлі ісікке шалдығады, деп хабарлайды Kazakhstan Today қалалық онкологиялық диспансерге сілтеме жасап.

"Кейінгі жылдары қатерлі ісік тек күрт "жасарып" қана қоймай, тіптен агрессивті бола түсті. Осыдан тіпті бес жыл бұрын Алматыда 30 жасқа жетпеген адамдардың арасында бірде-бір қатерлі ісік дерті тіркелмейтін. Ал қазір жыл сайын 25 жасқа жетпеген 20 -дан астам адам қатерлі ісікке шалдығады", - деп хабарлайды онкодиспансердегілер.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Алматыда әрбір тіркелген 8 оқиғадан жыл сайын 4 - 5 адам көз жұмады. Бұлар көп жағдайда бала туатын жастағы жігіттер мен әйелдер". Сонымен бірге онкодиспансер мамандарыынң мәлімдеуінше, "онкодиспансерге дер кезінде келген жағдайда олар тек толыққанды өмір сүріп қана қоймай, бала да туа алар еді".

"Бір қуанарлығы, қазіргі заманғы медицина бұл ауруды емдеудің біршама тиімді әдістерін ойлап тауып, сынақтардан өткізді. Бұл әдістерге алматылықтар да қол жеткізе алады. Алайда, онколог-дәрігерлердің тұжырымына сәйкес, медицинадағы ілгерілеушіліктер адамдардың қорқынышы мен сауатсыздығының алдында дәрменсіз. Адамдар өз денсаулығы туралы ешнәрсе білгісі келмейді және әдетте, мамандарға әбден кеш келеді", - делінген баспасөз баянында.

Сондай-ақ, онкодиспансердегілер қатерлі ісікті емдеуде барлық медициналық қызметтер кешені Қазақстанда тегін көрсетілетінін еске салады. "Бір адам үшін қатерлі ісіктің бастапқы сатысынан жазылып шығудың толық бір курс емдеулері мемлекетке шамамен 10 - 20 мың долларға түседі. Ал ауру асқынған жағдайда сол адамды емдеу жылына 50-100 мың доллар тұрады", - делінген баспасөз баянында.

Онкодиспансердегілер осы орайда ертең, 4 ақпанда, Бүкіләлемдік қатерлі ісікке қарсы күрес күні атап өтілетінін хабарлайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны