18.09.2018, 00:02 7893

Алматыда жылыту маусымына дайындық аяқталуда

Алматы әкімі алдағы жылыту маусымына қатысты көшпелі кеӊес өткізді. Қалада биылғы жылы 12 км жылу желісі, 23 км электр желісі, 283 км су құбыры мен 267 км кәріз жүйесі қайта жасалды.

Алматы. 17 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы әкімі алдағы жылыту маусымына қатысты көшпелі кеӊес өткізді. Қалада биылғы жылы 12 км жылу желісі, 23 км электр желісі, 283 км су құбыры мен 267 км кәріз жүйесі қайта жасалды.

Мегаполис басшысы жұмыс сапары барысында 5 км жылу желісі реконструкцияланған Төле би көшесі бойындағы учаскені аралап көріп, оныӊ маӊын аббаттандыру жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

Алматыныӊ Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мәлімдегендей, қаланыӊ орталық бөлігін жылумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін Төле би көшесі бойындағы ескі жылу құбырларын ауыстыру жұмыстары Розыбакиев көшесініӊ шығысы мен Өтеген батыр көшесініӊ батысына қарай келер жылы одан әрі жалғасатын болады.

Қазіргі кезде білім, денсаулық сақтау объектілері мен қаланыӊ тұрғын үй қоры алдағы жылыту маусымына 100% дайын. Энергетика кешені көмір мен мазуттыӊ апатты жағдайдағы қорымен толық қамтамасыз етілген.

Гидравликалық сынақ кезіндегі кемшіліктер толық қалпына келтірілген соӊ жылу жүйелері циркуляциялы режимге көшеді.

Жалпы, Алматыда биылғы жылы 524 көше жөнделді, 1400 ескі аула жаӊарды,300 км арық салынды және жөнделді. Қаланыӊ барлық жер асты өтпелі жолдары жаӊарды. Жыл аяғына дейін барлық көше жарықтарыныӊ үштен бірі жарық диодты және энергия жинақтаушы шамдарға ауыстырылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны