02.12.2011, 13:31 2954

Алматыда жылу жүесінде болған апат салдарынан жылусыз қалған ныандарға жылу беру қалпына келтірілді

Алматыда 20-ға жуық әкімшілік, әлеуметтік және тұрғын үй нысандары 18 сағаттан кейін жылу мен ыстық суға қайта қосылды.

Алмты. 2-желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматыда жылу жүесінде болған апат салдарынан жылусыз қалған ныандарға жылу беру қалпына келтірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Алматыда 20-ға жуық әкімшілік, әлеуметтік және тұрғын үй нысандары 18 сағаттан кейін жылу мен ыстық суға қайта қосылды.

Бұған дейін хабарланғандай, 30 қараша күні түскі сағат екіде, Алматы қаласының Төле би мен Гайдар көшелерінің қиылысында 800 мм көлемде магистральді жылу трассасы жарылып, соның салдарынан 4 әкімшілік ғимарат, 1 балабақша мен бес қабатты 14 тұрғын үй жылу мен ыстық сусыз қалды.

ҚР ТЖМ-нан мәлім еткендей, 1 желтоқсан күні, таңертеңгі сағат 8-де апатты-қайта қалпына келтіру жұмыстары толық көлемде аяқталды. Төтенше жағдайды жоюға "Жылу" ЖШС-ның 20 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны