28.04.2011, 13:56 4039

Алматыда жұмыссыз жүрген азамат тролеейбусты ұрлап кетпек болған

Алматыда жұмыссыз жүрген азамат тролеейбусты ұрлап кетпек болған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 28 - сәуір. Kazakhstan Today - Алматыда жұмыссыз жүрген азамат тролеейбусты ұрлап кетпек болған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

КТК телеарнасының хабарлауынша, Алматыда тролейбусс ұрланған. 18 жастағы жасөспірім көлікті біраз жерге дейін айдап қашып, кейін жол жиегіндегі ағашқа соғылған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Қазір күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен, босатылған. Жігіттің осы көлік түрін неліктен таңдағаны да белгісіз.

Бұл тосын жәйт кеше күндізгі сағат 12 жарымда орын алған. Белгіленген бағыт бойынша қаланы бір айналып, соңғы аялдамаға тоқтап, дем баспақ болған жүргізушіні бағып тұрған бозбала, іле-шала троллейбусты тақымдап кете барған. Көлік иесі бірден полицияға хабарлапты.

"Сезікті адам тролейбустың тізгініне отыра сала қашуға бел буған. Ол көлік руліне ие бола алмай жолдың жиегіндегі ағашқа соғылған. Абырой болғанда, жүргіншілер аялдамада тұрған адамджардың ешқайсы зардап шеккен жоқ",- деп хабарлады Алматы қаласы ІІБ баспасөз қызметінен.

Полицейдің айтуынша, күдікті мас емес, сап-сау. Бірақ бұл әрекетке не себепті барғандығын жөнді түсіндіре алмады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны