08.10.2018, 18:43 6424

Алматыдағы зейнет жасындағы азаматтарға E-gov.kz қызметін белсенді қолданудыӊ қыр-сыры таныстырылды

Сонымен қатар, кездесуде "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы Алматы қалалық филиалы қызметкерлері электронды мемлекеттік қызметтер алуды кезеӊ-кезеӊімен көрсетіп өтті.

Алматы. 8 қазан. Kazakhstan Today - 5 қазанда Алматы қаласындағы Ішкі саясат басқармасыныӊ қолдауымен құрылған "Белсенді ұзақ өмір" орталығында Мемлекеттік қызмет істері департаменті мен "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы филиалы қызметкерлерініӊ қарттармен кездесуі болып өтті.

Кездесу өткізудегі мақсат - қарттарымызға электронды мемлекеттік қызметтер алу тәсілдерін таныстыру. Қарт азаматтарды заманауи технологияларға үйрету олардыӊ жеке қабілеттерін арттыруға көмектеседі.

Кездесуде Мемлекеттік қызмет істері департаментініӊ Мемлекеттік қызметтер басқармасы басшы Серік Пірімбетов үйде компьютер, планшет немесе жеке телефондары арқылы электронды мемлекеттік қызметтер алу мүмкіндіктері туралы айтты.

Зейнет жасындағы көптеген азаматтар қалыптасқан әдет бойынша мемлекеттік қызмет алуға ХҚКО-на жүгінеді. Бұл белгілі ыӊғайсыздықтар тудырады, сонымен бірге шешімді күтуге біраз уақыт жұмсалады.

Сонымен қатар, кездесуде "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы Алматы қалалық филиалы қызметкерлері электронды мемлекеттік қызметтер алуды кезеӊ-кезеӊімен көрсетіп өтті. Одан бөлек, E-gov электронды үкімет порталы және m-gov мобильді қосымшасы арқылы мемлекеттік қызметтер алуға үйретіп, қарттарымыздыӊ қол телефондарына m-gov мобильді қосымшасы орнатылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны