22.09.2009, 14:34 2839

Алматыға кіре берісте бағыттан ауытқып кеткені үшін Қытайлық тасымалдаушылар ұсталды - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі

Алматыға кіре берісте бағыттан ауытқып кеткені үшін Қытайлық тасымалдаушылар ұсталды - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі

Астана. 22 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыға кіре берісте бағыттан ауытқып кеткені үшін Қытайлық тасымалдаушылар ұсталды. Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің автокөліктегі бақылау басқармасының бастығы Болат Смағұлов баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Жол полициясы қызметкерлерімен бірлесе отырып, Құлжа трассасында Қытайлық тасымалдаушылар ұсталды. Олар рұқсатнама құжаттарына сәйкес Құлжа және Талдықорғанға баруға тиіс бола тұра, Алматыға келе жатқан", - деді Б. Смағұлов.

Оның айтуынша, "аталған тасымалдаушылар бекітілген бағыттан ауытқып кеткені үшін әкімшілік айыппұл жүктеді, үкіметаралық келісімді бұзу жөніндегі материалдар Қытай жағына табысталды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны