05.07.2013, 17:34 3307

Алматылық метро 10-миллионыншы жолаушысын күтуде

Жуық күндері Алматы метрополитенімен 10-миллионыншы жолаушы жүреді деп күтудеміз, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.

Алматы. 5-шілде. Kazakhstan Today - Алматылық метро 10-миллионыншы жолаушысын күтуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жуық күндері Алматы метрополитенімен 10-миллионыншы жолаушы жүреді деп күтудеміз, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.

"Жәй және мереке күндеріндегі жолаушылардың орташа статистикалық көлемін ескере отырып, метроның 10-миллионыншы жолаушысы 2013 жылдың 8-9 шілде күндеріне сай келеді деп күтудеміз", делінген жұмада таралған ақпаратта.

Мерейтойлық жолаушыны құрметтеуге қала әкімі Ахметжан Есімов қатысады, деп көзделген, делінген онда.

Ақпаратта атап өтілгендей, коммуналды"Метрополитен" мемлекеттік кәсіпорнының кірістірді жинау қызметінің деректеріне қарағанда, бүгінгі күнде метрода 9 млн 935 мың жолаушы тіркелген.

Алматылық метрополитеннің бірінші кезегі 2011 жылы 1-желтоқсанда пайдалануға берілген. Линияда жеті станция бар.

Қазір "Алматыметроқұрылыс" метроның екінші кезегін салуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны