07.06.2018, 17:25 6479

Алматылықтар "Қазақстандағы 100 жаӊа есім" республикалық байқауыныӊ жеӊімпаздарымен жүздесті

Алматыда Media Talks Almaty: "нағыз батырлардыӊ құпиясы" атты IV бейресми конференция өтті, онда "Қазақстандағы 100 жаӊа есім" республикалық байқауыныӊ жеӊімпаздары өздері қол жеткізген сәттіліктіӊ қыр-сырымен бөлісті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Алматы. 6 маусым. Kazakhstan Today - Алматыда Media Talks Almaty: "нағыз батырлардыӊ құпиясы" атты IV бейресми конференция өтті, онда "Қазақстандағы 100 жаӊа есім" республикалық байқауыныӊ жеӊімпаздары өздері қол жеткізген сәттіліктіӊ қыр-сырымен бөлісті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазмедиа орталығы" медиамектебініӊ директоры, 100 жаӊа есімді іздестіру бойынша бастамашыл топтыӊ мүшесі Махаббат Есенніӊ айтуынша, Меdia Тalks дегеніміз - бейресми конференция, оныӊ мақсаты - бірегей біліммен бөлісу, тартымды тұлғаларға өздерініӊ сәттілік тарихымен, өмірлік тәжірибесімен, түрлі тақырыптарға қатысты пікір-көзқарастарымен бөлісуге мүмкіндік беру.

"Бұл жолы Media Talks алғаш Алматыда өткізіліп отыр. Бұл осымен төртінші конференция және ол "Қазақстандағы 100 жаӊа есім" жобасыныӊ кейіпкерлері тарихына толықтай арналады", - деді Махаббат Есен.

Оныӊ айтуынша, әрбір қатысушы біздіӊ заманымыздыӊ батыры деген атаққа расында да лайық, өйткені, олардыӊ жүріп өткен өмір жолы, ұстанатын қағидаттары, олардыӊ жеӊіс жолында еӊсеруге тура келген қиындықтары назар аударуға және мойындауға тұрарлық.

"Біз Алматылықтар мен барлық Қазақстандықтардыӊ бұл адамдардыӊ елімізде, қаламызда тұратынынан хабардар болғанын қалар едік. Журналистердіӊ міндеті - "баяғы жартас - сол жартас, немесе қазіргі уақытқа сәйкестендіріп өзгертіп айтсақ, "баяғы жұлдыз-сол жұлдыз" деп сырттан сөз көбейтпей, жаӊа есімдер жайлы жұртшылықты хабардар ету. Ендеше, жаӊа жұлдыздарды жай адамдардан өзіміз жасағанымыз жөн", - деді медиамектеп директоры.

"Қазақстандағы 100 жаӊа есім" жобасыныӊ жеӊімпаздарыныӊ бірі - волейболдан паралимпиялық Қазақстан жастар құрамасыныӊ капитаны Серік Есматов. Ол өз тарихы туралы баяндап, өзі қол жеткізген жеӊістіӊ құпиясымен бөлісті.

"Мені өр рухы бар адамдардыӊ санатына жатқызады. Аяғымнан айрылсам да, өмірді өзгеше қырынан аштым. Көпшілік, мұндай немесе осыған ұқсас тағдырды басынан кешкендер үлкен күйзеліске ұшырайды деп жатады. Неге? Өйткені, адамдар оны мүлдем басқаша қабылдайды. Біздіӊ қоғамымызда осындай жайтты батылдықпен қабылдау, қолдау арқылы барлығын өз пайдасына қарай бейімдеп өзгертуге дайын адамдар өте аз. Өйткені, оларға тәлім беретін ешкім жоқ. Өз басым кезінде ата-анам мен аға-інілерімнен өршілдік көрдім. Олар маған айқын сенім сыйлады, содан күні бүгінге дейін ауқымды қуат, үлкен мүмкіндіктер мен мотивация алып отырамын. Олардыӊ маған деген сенімі мені аяғымнан тік тұрғызды. Өзіме деген сенімім күнделікті протезбен алға жылжуға қуат беріп отыр", - деді Серік Есматов.

Тағы бір қатысушы - дарынды жас ғалым - химик Диас Тастанбеков те өз жобалары туралы әӊгімелеп берді.

"Біз Аян Ишірбековпен, Шыӊғыс Ахметулаевпен бірлесе отырып үлкен команда құрып, ғылыми-білім беру жобасымен айналысып жатырмыз. Ауқымды командамыз. Жобаныӊ мақсаты - балаларды келешектіӊ технологияларына баулу. Біз оларды кешелектіӊ кәсіптерін игертіп оқытпақшымыз. Ол үшін 6 бағытты таӊдап алдық: Hardware, Software, Жасыл технологиялар және т.б. Еӊ басты жобамыз - зымыран моделін жасау. Біз балаларды оқытып қана қоймай, зымыран жасап шығаруды да көздеп отырмыз. Соӊғы жобамыз - Ютуб арнасындағы әлеуметтік желі. Біз онда жалпыға ұғынықты тілмен әзіл-қалжыӊ арқылы ғылымды насихаттамақшымыз. Адамдарға қызғылықты дүниелер туралы жеӊіл тілмен жеткізетін боламыз. Бұл - біздіӊ адамдардыӊ білімін арттыруға бағытталған кіші-гірім үлесіміз", - деді ол.

Мәулен Бектұрғанов, Өскемендік 23 жастағы жаӊашыл, MBionics компаниясыныӊ негізін қалаушы да өз жетістіктерін жайып салды.

"Өмірде меніӊ 9 қолым бар: екеуі - өз қолым, ал қалған жетеуі - бионикалық қолдар. Осыдан 5 жыл бұрын өмірім бұлай бетбұрыс жасарын тіпті де елестеткем жоқ. IT-университетте оқи жүріп, оқуды бітірген соӊ немен шұғылданамын деп толғанатынмын. Өзім бағдарламалық жасақтама жасауға қызығушы едім. Бастапқыда тәп-тәуір вебсайттар жасадым. Тамаша идеялар мен жобалар түрлі пәндердіӊ тоғысында туады деп түсіне отырып, өз бағытымды іздестіре келе, робот техникасы туралы сабақтарға тап болдым. Аздап тәжірибе жинақтап алып робот техникасы үйірмесін тастап кеттім. Бірде физика пәнініӊ сабағында мұғалім виртуалды зертхана жасап шығаруды ұсынды. Бұл жаӊалық туралы естігенде қызығушылығым артып, құрамаға қабылдауға сұрандым. Мені әсіресе оқиғаларлыӊ әзірлемелері мен болжамдары қызықтырды. Құрамада бізге виртуалды қосылған нақтылық (виртуальной дополненной реальностью) мәселесімен айналысу ұсынылды. Осылайша біз виртуалды қол жасауға кірістік. Қолым тек монитор экраны алдында ғана емес, виртуалды нақтылықта да қозғала бастағанда, виртуалды заттарды қолға алғанда, олармен әрекеттескен кезде маған осыныӊ барлығы қиял-ғажайып әлеміндей сезілді. Ол үшін қолдыӊ бұлшық еттеріне түсетін қысымды санайтын және қолдыӊ кеӊістіктегі орнын анықтайтын сенсор кию керек. Мұндай технологияны қандай мақсатта пайдалануға болады деп ойлана бастадым. Сол кезде өз жобама ден қойып, робот - қол жасап шығауға бел будым", - дейді Бектұрғанов.

Махаббат Есенніӊ айтуынша, "Қазақстандағы 100 жаӊа есім" жобасыныӊ әрбір жеӊімпазы - қалыптасып үлгерген, тұрлаулы әрі толыққанды тұлғалар. Жұртқа жария болып танылмаған жағдайда, өз жұмыстарын жасап жүре берер еді.

"Меніӊше, олардыӊ танымалдығы арта түсті. Жұлдыздардыӊ алмасуы және тұлғаныӊ жұлдызға айналуы әркім үшін өзінше жүреді. Дәрігерді шоу-бизнестіӊ жұлдызы секілді танымал тұлғаға айналдыру мүмкін емес, бұл жерде басқа концепция, басқа құралдар қажет, тұтастай алғанда мүлдем өзгеше мақсатты аудитория керек. Және оларды басқа салалардағы танымал тұлғаламен салыстыру орынсыз. Бірақ оларды да кәсіби алаӊдар шақырады, олар өздерініӊ бірегей адами және кәсіби тәжірибесімен бөліседі, бұл оларға өз кәсібіне саналы түрде келетін және өз елініӊ игілігі үшін бірдеме жасауға талпынатын мотивациялы адамдардыӊ ұрпағын өсіріп шығаруға мүмкіндік береді. Жобаныӊ мақсаты да осы", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны