08.02.2018, 16:34 5611

Алматыныӊ 171 көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген

Ұзындығы 10 шақырымды құрайтын 8 орталық көшеде тұраққа тыйым салынған (200 тұрақ орны жойылды).Жалпы саны 10 000 көлік орнын қамтитын 747 жер телімінде ақылы тұрақтар ұйымдастырылған. 2018 жылы көлік орнын 15 000 жеткізу жоспарлануда

Алматы.8 ақпан. Kazakhstan Today - Алматы қаласыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі алаӊында Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасыныӊ басшысы - Исахов Мақсұт Пернебайұлыныӊ қатысуымен брифинг өтті.

Брифинг барысында басқарма басшысы қаланыӊ автомобиль және көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары туралы сөз қозғады.

М.Исаховтыӊ сөзіне сүйенсек, 2017 жылы Абай көшесін "Қалқаман" шағын ауданындағы Иуезов көшесінен қала шекарасына дейін ұзарту бойынша жұмыстар аяқталып, 2 учаске пайдалануға берілген. "Бөкейханов көшесі - Солтүстік айналым көшесі қиылысындағы көліктік жолайрық" жобасы іске қосылды. Алатау ауданында 10,9 шақырым, Наурызбай ауданында 17,335 шақырым жол салынды. Ұзындығы 147 шақырым болатын 171 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 6 көпір мен Байтұрсынов көшесі күрделі жөндеуден өткізілді, сондай-ақ Жандосов көшесін күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жөндеу жұмыстарыныӊ негізінде қаланыӊ көше-жол желісініӊ асфальт-бетонды жабыныныӊ 230 000 м2 астамы жөнделді,-деді ол.

Сондай-ақ, ол қаланыӊ көліктік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған 2023 жылға дейінгі іс-шаралар кешенінен тұратын жол қозғалысын ұйымдастырудыӊ кешенді сызбасы (ЖҚҰКС) әзірленіп, бұл шаралардыӊ бірқатары 2017 жылы жүзеге асырылды,-деп баяндады.

Жалпы ұзындығын 101,5 шақырымға жеткізу арқылы қоғамдық көліктерге бөлінген жолақтар Өтеген батыр, Қабдолов көшелері мен Алтынсарин даӊғылыныӊ бойында іске қосылған. Бөлінген жолақтардыӊ іске қосылуымен жылжымалы құрамныӊ орташа жылдамдығы 1,5 есеге, ал жолаушылар ағыны 30 %-ға артқан. Өткізу қабілеттілігін арттыру және қиылыстардағы қақтығысты нүктелерді азайту мақсатында ұзындығы 8 шақырым болатын Құрманғазы және Шевченко көшелерінде біржақты қозғалыс ұйымдастырылған.Ұзындығы 10 шақырымды құрайтын 8 орталық көшеде тұраққа тыйым салынған (200 тұрақ орны жойылды).Жалпы саны 10 000 көлік орнын қамтитын 747 жер телімінде ақылы тұрақтар ұйымдастырылған. 2018 жылы көлік орнын 15 000 жеткізу жоспарлануда,-деп сөзін толықтырды.

Қала көшелерініӊ тек 10% ғана әкімшіліктендіру көше-жол желісініӊ жүктемесін азайтып, көлеӊкелі айналымды жоя отырып бюджетке төлемдерді және тұрақтардыӊ айналымын 5 есе көбейтуге мүмкіндік туғызды,-деп мәлімдеді Мақсұт Пернебайұлы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны