30.06.2018, 12:48 8245

Алматыныӊ Медеу ауданы әкімініӊ кезекті көшпелі қоғамдық қабылдауы өтті

Екінші жыл қатарынан дәстүрге айналған бұл шара бүгінгі күнге дейін "Көк базар" жанында, Шухов көшесі бойындағы №2 қалалық емхана, Алматы қаласыныӊ Оқушылар сарайы жанында және "Думан" ықшам ауданында ұйымдастырылып, нәтижесінде 1000-нан астам тұрғынды қамтыды. Көтерілген сұрақтардыӊ 80% астамы коммуналдық тұрғын үй шаруашылығы, 20% әлеуметтік мәселелерге байланысты.

Алматы. 30 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Президенті Н.И.Назарбаевтыӊ "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудыӊ жаӊа мүмкіндіктері" атты халыққа Жолдауын жүзеге асыру аясында 2018 жылдыӊ 29 маусымында Алматыдағы Шухов көшесі бойындағы №2 қалалық емхана алдындағы алаӊда Медеу ауданы әкімініӊ кезекті көшпелі қоғамдық қабылдауы өтті.

Қабылдауға Медеу ауданы әкімі Е.Ж.Жылқыбаев, аудан прокуроры, аудандық жергілікті полиция, төтенше жағдайлар, тұтынушылардыӊ құқықтарын қорғау, жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар, білім бөлімдерініӊ басшылары, кәсіпкерлер палатасы, "Даму" қоры өкілдері және т.б. аудандық құрылымдар қатысты.

Мақсаты - билік пен халық арасындағы байланысты нығайту, тұрғындар арасында күнделікті шешімін таппай жүрген түйткілді мәселелердіӊ оӊ шешімін табу, кеӊестер беру, ақпараттандыру.

Екінші жыл қатарынан дәстүрге айналған бұл шара бүгінгі күнге дейін "Көк базар" жанында, Шухов көшесі бойындағы №2 қалалық емхана, Алматы қаласыныӊ Оқушылар сарайы жанында және "Думан" ықшам ауданында ұйымдастырылып, нәтижесінде 1000-нан астам тұрғынды қамтыды. Көтерілген сұрақтардыӊ 80% астамы коммуналдық тұрғын үй шаруашылығы, 20% әлеуметтік мәселелерге байланысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны