25.01.2008, 17:58 3207

Алматының мектептері мен балабақшаларында балалар ғимараттардағы ауа температурасының нормадан төмен болуы салдарынан тоңуда

Алматының мектептері мен балабақшаларында балалар ғимараттардағы ауа температурасының нормадан төмен болуы салдарынан тоңуда

Алматы. 25-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Алматының мектептері мен балабақшаларында балалар ғимараттардағы ауа температурасының нормадан төмен болуы салдарынан тоңуда, деп хабарлайды оңтүстік астананың білім беру мекемелеріне барып, қызметкерлерімен әңгімелесіп қайтқан "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Оның айтуынша, қала мектептерінің біріндегі спорт залдағы ауа температурасы 10 градусты, асханада - 10 градусты құраса, бастауыш сыныптарға арналған ғимараттарда ауа температурасы 15 градустан көтерілмей отыр, және де тек екінші қабатта орналасқан кабинеттердегі температура ғана нормаға сай.

Оның ақпараттарына сүйенсек, ол барып қайтқан басқа екі мектептердің көптеген кабинеттерінде температура 14 градустан көтерілмей отыр.

Мұғалімдер агенттік тілшісіне, оқушылардың бірнеше қабат жылы жейделер киюге немесе сырт киіммен отыруға мәжбүр екендіктерін хабарлаған. Олардың айтуынша, көптеген балалар науқастанып қалған, кейбір сыныптардағы оқушылардың 30 - 40 пайызға жуығы жоқ. Енді мұғалімдер де ауыра бастаған.

"Орыс тілі, химия мен география пәндері бойынша аудандық олимпиада жүргізіп жатқан кезде осы мектептің бірінші қабатындағы сынып бөлмелерінде ауа температурасы 10 - 12 градусты құраған. Айта кетерлік бір жайт, олимпиадада 50 баллдың 46-сын алған қатысушылардың бірі бірінші турда қатты суық тию салдарынан екінші турға қатыса алмай қалған",- деп хабардар етті агенттік тілшісін Жетісу ауданындағы мектеп оқушыларының олимпиадасының қазылар алқасы болған оқытушылардың бірі.

Белгіленген температура нормасысына сәйкес, білім беру мекемелерінің ғимараттарында ауа температурасы 18 градустан, ал спорт залдарда 16 градустан төмен болмауға тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны