08.08.2016, 22:17 4575

Алматыныӊ тағы екі көшесіне автобусқа арналған жолақтар енгізеді

Қалалық жолаушылар және автокөлік жолдары басқармасы Желтоқсан мен Наурызбай көшелеріне арнайы автокөлік жолақтарын жүргізу жұмысыныӊ аяқталғанын хабарлайды

Алматы. 8 тамыз. Kazakhstan Today - Қалалық жолаушылар және автокөлік жолдары басқармасы Желтоқсан мен Наурызбай көшелеріне арнайы автокөлік жолақтарын жүргізу жұмысыныӊ аяқталғанын хабарлайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл жолдардыӊ бір бағытқа арналған ұзындығы 3,2 және 3,6 км құрайды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Жол жүру жолақтары қала тұрғындарыныӊ игілігіне, діттеген жерлеріне еш кедергісіз жетуге және жолдардыӊ ұзақтығын қысқартса, Желтоқсан мен Наурызбай және Райымбек пен Абай даӊғылында жол қозғалысын жақсартады.

Айта кетсек, мұндай жолақтар алғаш 2015 жылы Абай даӊғылы мен Шығыс айналма жолында сынақтан өткен болатын. Қазіргі таӊда, ол жерлерде жол қозғалысы жақсарып, тиімділігін көрсетуде.

Желтоқсан мен Наурызбай көшелеріндегі жолақтар, 10 тамыздан бастап пайдалануға беріледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны