09.04.2021, 17:05 12596

Алматыға COVID-19-ға қарсы вакцинасының тағы екі траншы жеткізілді

Кешегі күні қалаға вакцинаның бесінші және алтыншы траншы - 18 000 және 29 000 доза жеткізілді.
АЛМАТЫ. 9 СӘУІР - Алматы коронавирусқа қарсы вакцинаның тағы екі траншын алды.
 
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, биылғы жылдың 1 ақпаны мен 8 сәуірі аралығында 49 160 адамға екпе салынды. Оның 12 281-і вакцинаның екі компонентін де алған. Өткен тәулікте 1 180 адам екпе салдырды.
 
Кешегі күні қалаға вакцинаның бесінші және алтыншы траншы - 18 000 және 29 000 доза жеткізілді. Жақын күндері вакцинаның 424 мың дозасы алынады.
 
Алматы емханаларында барлығы 198 вакцинация пункті ашылды. Сауда–ойын орталықтарда – 20. Сондай-ақ республика сарайында да орналастырылған. Жалпы мегаполисте екпе салатын 250 пункт жұмыс істейтін болады.
 

Алматыда 2 млн-ға жуық тұрғын бар. Оның ішінде 18 жасқа дейінгі балалардың санын алып тастайтын болсақ, теориялық тұрғыдан алғанда, халықтың 50% вакцинациялауға болады. Гамалея институтының микробиология профессоры Александр Гинцбургтың айтуынша, коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитеті қалыптастыру үшін халықтың 75% иммундау қажет", - деп хабарлады басқармадан.

 
Қазір қаладағы емханалар вакцина салдыруға ниетті барлық келушілерді тіркеуге алып, кезекке қойып жатыр. 
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны