21.06.2021, 20:09 18880

Алматы әкімі екі бала мен әйел зардап шеккен субұрқақтағы төтенше жағдайға қатысты түсініктеме берді

"Цирктегі субұрқақта қыздар және біреуінің анасымен орын алған қайғылы оқиға полицияның тергеуінде".
АЛМАТЫ. 21 МАУСЫМ - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев үш адам зардап шеккен субұрқақтағы төтенше жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.
 

Цирктегі субұрқақта қыздар және біреуінің анасымен орын алған қайғылы оқиға полицияның тергеуінде. Мұндай жағдай болмау керек. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін", - деп жазды әкім Twitter-де.

 
Бұған дейін хабарланғандай, 19 маусым күні кешке Қазақ мемлекеттік цирк ғимаратының жанындағы субұрқақта үш адам - екі бала және бір әйел жарақат алған. Facebook желісіндегі парақшасында қала тұрғыны Укилай Бестай цирк ғимаратының жанында балалармен демалғанын жазды. Содан кейін ол субұрқақтың алдындағы екі кішкентай қыздың аяқ киімін шешіп, суға түсіп жатқанын көрді, содан кейін олар және балаларға көмектескісі келген әйел электр тоғымен соғыла бастады. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Мамандар оқиғаның себебін анықтап жатыр.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны