16.09.2021, 18:02 11023

Алматыда түнгі уақытта Кудерин көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Маршрутты алдын ала түзетуді сұраймыз.
АЛМАТЫ. 16 ҚЫРКҮЙЕК - Жол жөндеу жұмыстарына байланысты Алматыдағы Кудерин көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы қалалық мобилділік басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты ағымдағы жылдың 15-20 қыркүйегі аралығында түнгі уақытта сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін Райымбек даңғылынан Рысқұлов даңғылына дейінгі Кудерин көшесіндегі жол учаскесінде автокөлік құралдарының қозғалысы ішінара жабылатын болады. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және маршрутты алдын ала түзетуді сұраймыз", - делінген Алматы қаласы мобильділік басқармасының хабарламасында.

 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны