22.02.2021, 18:02 7780

Алматының Алмалы және Жетісу аудандарында бірқатар тұтынушыларға суық суды өшіреді

Суық сумен жабдықтау қызметіне шектеулер жаңа су құбырларын магистральдық желілерге қосу үшін енгізілді.
Алматы. 22 ақпан. Kazakhstan Today - Алмалы және Жетісу ауданына қарасты бірқатар тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттар суық судан ажыратылады. Бұл туралы "Алматы су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мәлім етті.
 
23 ақпан күні таңғы сағат 9:00-ден кешкі сағат 16:00-ге дейін Алмалы ауданына қарасты Әуезов - Төле би - Розыбақиев - Гоголь көшелерінің бойында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да нысандарда суық су болмайды.
 

26 ақпан күні таңғы сағат 9:00-ден кешкі сағат 16:00 дейін Райымбек даңғылы мен Розыбақиев көшесінен Байзақова көшесіне дейін, сондай-ақ Жетісу ауданына қарасты Бродский - Федоров - Кудерин көшелерінің бойындағы тұрғын үйлер мен басқа ғимараттарға су беру тоқтатылады", - деп хабарлады "Алматы су" МКК.

 
Суық сумен жабдықтау қызметіне шектеулер жаңа су құбырларын магистральдық желілерге қосу үшін енгізілді.

Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны