23.10.2018, 17:46 5093

"Иміре" фильмі Голливуд кинофестивалінде Silver Screen Award жүлдесіне ие болды

Лос-Анджелес қаласында қазанныӊ 23-і мен 28-і аралығында өтетін халықаралық Hollywood Film Festival кинофестивалініӊ бірінші кезеӊінде "Иміре" фильмі Silver Screen Award жүлдесіне ие болды.

Алматы. 23 қазан. Kazakhstan Today - Лос-Анджелес қаласында қазанныӊ 23-і мен 28-і аралығында өтетін халықаралық Hollywood Film Festival кинофестивалініӊ бірінші кезеӊінде "Иміре" фильмі Silver Screen Award жүлдесіне ие болды. Қазақтыӊ тенор дауысты біртуар әншіcі Иміре Қашаубаевтыӊ ғұмырын баяндайтын фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ "Dar Play" компаниясымен бірлесе түсірген.

Айта кетсек, фестивальдіӊ алғашқы кезеӊінде Silver Screen Award жүлдесіне үміткерлер қатарына байқауға қатысатын әр елдіӊ бірнеше фильмдері ұсынылған болатын.

Бұл кезеӊде Қазақстан атынан алты бірдей кинотуынды - үш толықметражды және үш қысқаметражды фильмдер қарастырылған. "Иміре" картинасымен қатар Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы жарыққа шығарған үш фильм бақ сынады, олар: толықметражды фильмдер байқауында Төлеген Байтөкеновтыӊ "Саташ" фильмі және Елжас Рақымбековтыӊ "Эль Фриман" картинасы, ал қысқаметражды фильмдер бөліміне Берік Жахановтыӊ "Асан" фильмі қатысты.

Бірінші кезеӊніӊ жеӊімпазы, Silver Screen Award жүлдесініӊ иегері "Иміре" фильмі енді Франция, Германия, Чили, Жапония мен Швеция сынды басқа да 16 мемлекеттен қатысатын фильмдермен бірге фестивальдіӊ басты жүлдесі үшін күреске түседі. Бұл фестивальде фильмді режиссер Джефф Веспа таныстыратын болады.

Жаӊа таланттарды ашатын және тәуелсіз киноны насихаттайтын Голливудтык кинофестиваль 1997 жылдан бастап өткізіліп келеді. "Үлкен оқиғалар әлемді өзгертетінін және әлеміміз өзгерістерді күтетінін білеміз. Сонымен қатар, Голливуд - әлемдік мәдениетті жырлайтын тәуелсіз кино суреткерлер қатары жиналатын тиімді әрі беделді орта",- дейді Hollywood Film Festival кинофестивалініӊ ұйымдастырушылары.

Сондай-ақ, "Иміре" картинасы Нью-Йоркте қазанныӊ 10 мен 14 аралығында өткен "Вудсток" Халықаралық кинофестиваліне қатысты. Фильмді көрерменге басты рөлде ойнайтын актер Санжар Мәди ұсынды. Актердіӊ айтуынша, "Иміре" фильміне америкалық көрермен тарапынан үлкен қызығушылық туындап, билеттер түгел алдын-ала сатылып кеткен және зал көрерменге толы болған.

- Картинаны көрсеттік, халықаралық деӊгейге шығардық. Еӊ бастысы фильм көрерменніӊ көӊілінен шықты, - деді Вудстоктік кинофестиваль туралы Санжар Мәди.

Анықтамалық ақпарат:

"Иміре", ұзақтығы: 88 минут

Өндірісі: "Қазақфильм" АҚ, "Dar Play" компаниясы

Бас Продюсері: Илидар Өтемұратов.

Режиссері: Джеф Веспа (АҚШ).

Операторы: Максим Осадчий (Ресей).

Сценарий авторы: Бенжамин А. ванн дер Вин (АҚШ).

Кеӊесші: Жарқын Шәкәрім, (ҚР Еӊбек сіӊірген қайраткері, Иміре Қашаубаевтыӊ өмірі мен шығармашылығана арналған еӊбектердіӊ авторы).

Актерлер:

Эбби Корниш - Ли Эббот

Санжар Мәдиев - Иміре

Еркебұлан Дайыров - Мұстафа Шоқай.

Бен Олдридж - Джордж Гершвин

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - Көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематографияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны