30.03.2012, 12:05 3965

"Ана мен бала" ұлттық ғылым орталығына жаңа басшы тағайындалды

Ана мен бала" ұлттық ғылым орталығының басқарма төрайымы қызметіне Тамара Вощенкова тағайындалды

Астана. 30-наурыз. Kazakhstan Today - "Ана мен бала" ұлттық ғылым орталығының басқарма төрайымы қызметіне Тамара Вощенкова тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпарттық агенттігінің хабарлауынша, Т.Вощенкова осыған дейін "Ұлттық медицина холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарып келген болатын. Т.Вощенкова Шығыс Қазақстан облысында туған. 1982 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын "педиатрия" мамандығы бойынша тәмәмдаған. Осы жылы Қарағанды қаласының № 2 бірлескен балалар аруханасында учаскелік педиатр қызметін атқарады. 1989 жылы осы аурухананың бөлімдерінің біріне меңгеруші болды.

Одан кейінгі жылдары Қарағанды қалалық денсаулық сақтау бөлімінің бас педиатры, "Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі бастығының емдеу-сауықтыру жөніндегі орынбасары, Денсаулық сақтау вице-министрі қызметтерін атқарған. "Шапағат" медалінің иегері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны