14.06.2012, 16:56 3103

"Ана мен баланың өзекті мәселелері" атты Республикалық конференция өтеді

Бұл туралы "Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы" АҚ баспасөз қызметінен хабарлайды.

14-15 маусымда Астанада Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының базасында халықаралық өкілдердің қатысуымен "Ана мен баланың өзекті мәселелері" атты Республикалық конференция өтеді.

Бұл туралы "Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы" АҚ баспасөз қызметінен хабарлайды.

Іс-шараға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, "Назарбаев Университеті" АБҰ, "Ұлттық медициналық холдинг" өкілдері қатысады. Конференцияға сонымен бірге, акушерлік және гинекология, перинатология, педиатрия, балалар хирургиясы, анестезиология және реаниматология сияқты салалар бойынша шетелдердің (АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Польша, Германия, Ресей, Украина) білікті мамандары шақырылды.

Конференцияда отандық медицинаны дамытудағы жаңа перспективалар айтылып, клиниканың жинақтаған тәжірибесі мен жетістіктері ортаға салынады.

Сондай-ақ конференцияда денсаулық сақтау ісін дамытуға ерекше үлес қосқан ҚР денсаулық сақтау қайраткерлерін, оның ішінде ҚР Тағамтану академиясының Президенті, м.ғ.д., профессор Т.Ш. Шармановты, ҚР ҰҒА академигі, профессор Қ.С. Ормантаевты, м.ғ.д., профессор Н.А. Каюпова мен м.ғ.д., профессор Т.К. Чувакованы салтанатты түрде марапаттау рәсімі өткізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны