26.03.2020, 14:42 7555

Қарағанды облысында аудандық бөлім есепшісі 4 628 808 теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды

Ағымдағы жылдың 18 наурызында Осакаров аудандық сотының үкімімен Калашбаева 2 жылға бас бостандығынан шектеу жазасына сотталып, көрсетілген мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.

Алматы. 26 наурыз. Kazakhstan Today - "Қарағанды облысының "Осакаров ауданы Пионер селолық округі әкімінің аппараты" ММ-нің есепшісі жымқарғаны үшін сотталды.

Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осыған дейін "Қарағанды облысының Осакаров ауданы Пионер селолық округі әкімінің аппараты" ММ және "Қарағанды облысы Осакаров ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ есепшісі А.К. Калашбаеваға қатысты сотқа дейінгі тергеуді өндіріспен аяқтады.

Ол шамамен 4 628 808 теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Ағымдағы жылдың 18 наурызында Осакаров аудандық сотының үкімімен Калашбаева 2 жылға бас бостандығынан шектеу жазасына сотталып, көрсетілген мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны