19.03.2020, 19:39 7088

Қарағанды облысында бөлім басшысы аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде

Күдіктілер кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Алматы. 19 наурыз. Kazakhstan Today - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде.

Ағымдағы жылдың 13 наурызында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Балқаш аймағы бойынша ауданаралық бөлімі "Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ мен "Аспап" өндірістік кешенінің лауазымды тұлғаларының бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Олар Ақтоғай ауданы Сарышаған кентіндегі "464 орындық мектеп құрылысы" нысанына "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген 45 млн. теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Күдіктілер кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны