10.06.2013, 17:23 5723

Араб ғалымдары шұбаттың қандай ауруға ем екенін анықтады

Зертханалық сараптаманың көмегімен ғалымдар шұбаттың құрамында сиыр сүтіне қарағанда D дәрумені 15 есе көп екенін анықтаған. Яғни, D дәрумені жетіспеушілігімен ауыратын адамдарға дәрігер шұбат ішуге кеңес берсе де болады. Қазіргі уақытта зерттеушілер бірқатар медициналық, нақтырақ айтқанда, микробиологиялық тәжірибелер жүргізуде. Содан кейін барып қана шұбаттың пайдасы жөніндегі кешенді қорытынды шығармақ.

Астана. 10-маусым. Kazakhstan Today - Араб ғалымдары шұбаттың қандай ауруға ем екенін анықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, сиыр сүтіне қарағанда шұбаттың емдік қасиеті әлдеқайда мол екен. Сауд королі университетінің ғалымдары АҚШ, Канада және Ұлыбритания ғалымдарымен бірігіп осындай тұжырымға келген.

Зертханалық сараптаманың көмегімен ғалымдар шұбаттың құрамында сиыр сүтіне қарағанда D дәрумені 15 есе көп екенін анықтаған. Яғни, D дәрумені жетіспеушілігімен ауыратын адамдарға дәрігер шұбат ішуге кеңес берсе де болады. Қазіргі уақытта зерттеушілер бірқатар медициналық, нақтырақ айтқанда, микробиологиялық тәжірибелер жүргізуде. Содан кейін барып қана шұбаттың пайдасы жөніндегі кешенді қорытынды шығармақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны