22.02.2008, 19:18 3021

Арал өңірінде сең жүруге дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр

Арал өңірінде сең жүруге дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр

Қызылорда. 22-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Арал өңірінде сең жүруге дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қазір Сырдарияда,ы жағдай 1969 жылғы көріністі қайталап отыр. Ол кезде Арал тарихындағы ең үлкен сең жүрген болатын", - деп еске алды Қызылорда облсының әкімшілігінде өткен селекторлық шұғыл жиналыстың қатысушылары.

"Көршілеріміз үкіметаралық келісімдерді орындауға асықпауда. Шардара су қоймасына әлі де секундына 1600 текше метр су келіп жатыр. Ал Шардарадан шыққан су секундына 700 текші метрді құрап отыр. Бұл аймақ халқына шынайы қауіп төндіріп тұр", - деп атап көрсетті облыс әкімі Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мархабат Жайымбетов келіп жеткен "Қазселденқорғау" мамандары Сырдариядағы су мен мұздың жағдайын үнемі қадағалап отырғанын атап өтті. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерін орналастыру орындарын дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық жерлерде жағалауды нығайту, ауылдар мен қалаларда жаттығулар өткізілуде. 99 эвакуациялық орын дайын. Онда азық-түлік пен жанармай қоры шоғырланған.

Жиналыста аудан әкімдері мен облыстық ұйымдардың басшыларының есептері тыңдалды. "Болжам бойынша облыста сең наурыз айының басында болады деп күтілуде. Берілген уақытты тиімді пайдалану керек", - деп есептейді жиналысқа қатысушылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны