11.10.2018, 14:07 4797

"Арыс жағасында" ретро-фестивалі биыл облыс орталығы Түркістан қаласында өтеді

"Арыс жағасында" ретро - фестивалі 2010 жылдан бастап Шымкент қаласындағы Ш.Қалдаяқовтыӊ атына берілген гүлзарда жыл сайын өткізіліп келсе, биыл тұӊғыш рет облыс орталығы - Түркістан қаласында ұйымдастырылып отыр.

Түркістан. 11 қазан. Kazakhstan Today - Тоғызыншы рет өтіп жатқан "Арыс жағасында" ретро-фестивалі биыл облыс орталығы Түркістан қаласында өтеді. Айтулы шара былтырғы жылы тек бес композитордыӊ ғана шығармашылығын насихаттауға арналса, биылғы фестивальде бірнеше сазгердіӊ шығармалары орындалатын болады.

Түркістан облысына ғана тән фестивальдіӊ мақсаты - барша қазақтыӊ мақтанышына айналған жергілікті композиторларды, өнер ұжымдары мен әншілерді дәріптеу, олардыӊ шығармашылығын насихаттау.

Биылғы жыр кешіне ҚР Мәдениет қайраткерлері әнші-сазгер Марат Омаров, Жұбаныш Жексенұлы, Хадиша Шалабаева, Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері, әнші Айгүл Иманбаева, әнші-сазгер Заттыбек Көпбосынұлы, Асқар Жайлаубаев, "Астана", "Қарғабай", "Арбат", "Сарын" топтары өнер көрсетпек. Өнерпаздар жергілікті сазгерлердіӊ халық арасында кеӊінен тараған әндерін орындайды.

"Арыс жағасында" ретро - фестивалі 2010 жылдан бастап Шымкент қаласындағы Ш.Қалдаяқовтыӊ атына берілген гүлзарда жыл сайын өткізіліп келсе, биыл тұӊғыш рет облыс орталығы - Түркістан қаласында ұйымдастырылып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны