04.09.2007, 11:56 2676

Арқалық қыста жылусыз қалуы мүмкін

Қостанай облысындағы Арқалық қаласында жылыту маусымында қаланы жылумен қалыпты қамтамасыз етуге қажетті мазут қоры жоқ, деп хабарлады агенттік тілшісіне Арқалық әкімінің орынбасары Виктор Радченко.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 4 қыркүйек. АРҚАЛЫҚ. Қостанай облысындағы Арқалық қаласында жылыту маусымында қаланы жылумен қалыпты қамтамасыз етуге қажетті мазут қоры жоқ, деп хабарлады агенттік тілшісіне Арқалық әкімінің орынбасары Виктор Радченко.

Оның айтуынша, бұл бүгінгі күнге дейін мазут сатушының табылмауына байланысты. Бұған дейін екі тендер өткізілсе де, нәтиже болмай тұр. Алғашқы жолы ешбір өтініш берілмесе, екіншісінде болашақ сатушылар өте жоғары баға ұсынған, деді В. Радченко.

Оның түсініктемесіне сәйкес, заңнама бойынша тендер екі мәрте өткізілгеннен кейін бір көзден сатып алуға рұқсат берілген. "Сол себепті қазір баға зерделеніп жатыр. Арқалық ЖЭО жұмыс істейтін мазутты ең төмен баға ұсынған компаниядан сатып алу ұйғарылмақ", - деді әкімнің орынбасары.

Республикалық бюджеттен мазут сатып алуға жылдың басында 500 млн теңге бөлінген. ЖЭО-да шағын мазут қоры бар, ол Қостанай мен Арқалықта бөлініп сақталуда. Бұл өткен жылғы резерв, ол желтоқсанның аяғына дейін, екі айға ғана жетеді.

Ахуалды облыс әкімі тікелей өз бақылауына алды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны