11.04.2008, 15:36 3806

Арман Тұрлыбек Сәтпаев қаласының әкімі болды

Арман Тұрлыбек Сәтпаев қаласының әкімі болды

Қарағанды. 11 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматулиннің бұйрығымен ҚР президентінің әкімшілігінің келісімімен және Жезқазған қалалық мәслихатының мақұлдауымен Арман Тұрлыбеков Сәтпаев қаласының әкімі болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі, Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, А. Тұрлыбек бұған дейін Қарағанды облысының коммуналдық шаруашылық және энергетика департаментін басқарды.

Арман Тұрлыбек 1971 жылы дүниеге келді. Үш жоғары білімі бар. 1993-2007 жылдар аралығында Сәтпаев қаласында түрлі қызметтерді атқарып, соның ішінде Сәтпаев қаласы әкімінің орынбасарлық қызметінде болды.

Бұдан бұрын хабарланғанындай Сәтпаев қаласының бұрынғы әкімі Қанат Балмағамбетов 9 сәуірде Жезқазған қаласының әкімі болып тағайындалды

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны