12.03.2010, 18:39 3502

"Арна Медиа" холдингі таратылады - премьер

"Арна Медиа" холдингі таратылады - премьер

Алматы. 12 наурыз. Kazakhstan Today - "Ұлттық ақпараттық "Арна Медиа" холдингі" таратылады. Бұл туралы бүгін үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының шешіміне сәйкес, "Арна Медиа" холдингі таратылады және оған кіретін барлық компаниялар Байланыс және ақпарат министрлігінің тікелей қарамағына өтеді. Барлық қажетті құжаттар жазға дейін тапсырылуы қажет", - деді Кәрім Мәсімов.

"Арна Медиа" басқармаларының төрағасы Ерлан Байжановтың мәлімдеуінше, холдингті тарату туралы ресми бұйрықты алған жоқ. "Мен де тарату туралы бұл ақпаратты естігем, қазір мен бірақ іссапарда жүргендіктен, ештеңе айта алмаймын", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны