18.04.2016, 14:47 3657

Арнайы оқу-жаттығу. ҚР ҚК-ніӊ әскери қызметшілері төтенше жағдайлар кезінде құрылыстыӊ жарылысы мен жойылуын пысықтайды

Бүгін, 2016 жылдыӊ 18 сәуірінде Қазақстанныӊ Қарулы Күштерінде "Жәрдем-2016" арнайы оқу-жаттығуы бастау алды. Оған 100-ден астам әскери қызметші, сондай-ақ 10-нан аса әскери қопарушы маман қатысады

Астана. 18 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін, 2016 жылдыӊ 18 сәуірінде Қазақстанныӊ Қарулы Күштерінде "Жәрдем-2016" арнайы оқу-жаттығуы бастау алды. Оған 100-ден астам әскери қызметші, сондай-ақ 10-нан аса әскери қопарушы маман қатысады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сондай-ақ оқу-жаттығуға 30 бірліктен аса арнайы техника, яғни, бульдозерлер, тиегіштер және экскаваторлар тартылды.

Аталмыш оқу-жаттығудыӊ Қазақстанныӊ Қарулы Күштеріндегі бағыты ерекше екенін айта кеткен жөн. Оныӊ барысында ниетке сәйкес әскери қызметшілер төтенше жағдайлар кезіндегі апаттыӊ салдарын алдын алады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Бұл оқу-жаттығуды өткізудіӊ өзектілігі Сарышаған полигоныныӊ және осы полигонныӊ әкімшілік орталығы, жабық Приозерск қаласыныӊ ауданында ұзақ уақыт бойы пайдаланбаған ғимараттар мен құрылыстардыӊ орналасуымен негізделген. Олар қираған, жөндеуге және әрі қарай пайдалануға жатпайды. Аумақтағы қабырғасы қаусаған апатты құрылыстардыӊ саны 60-тан асып жығылады. Ғимараттар бөлшектелуге және кәдеге жаратылуға жатады. Оларды бұзып құлату жерді қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Нәтижесінде экологиялық жағдайға, сондай-ақ осы елді мекен тұрғындарыныӊ қауіпсіздігіне оӊ әсер етеді. Сонымен бірге, құрылыстардыӊ бұзылуыныӊ арқасында жергілікті инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік туады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны