28.07.2015, 20:00 3358

"Арселор Миттал Теміртау" компаниясы кәсіподақтыӊ келісімінсіз жұмыскерлердіӊ жалақысын қысқарта алмайды

ҚР қолданыстағы заӊнамасына сәйкес "Арселор Миттал Теміртау" акционерлік қоғамы ұжымдық келісім шарттарын өзгерте алмауыныӊ салдарынан кәсіподақтыӊ келісімінсіз жұмыскерлер жалақысын 25%-ға төмендете алмайды

Астана. 28 Шілде. Kazakhstan Today - ҚР қолданыстағы заӊнамасына сәйкес "Арселор Миттал Теміртау" акционерлік қоғамы ұжымдық келісім шарттарын өзгерте алмауыныӊ салдарынан кәсіподақтыӊ келісімінсіз жұмыскерлер жалақысын 25%-ға төмендете алмайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ҚР Еӊбек кодексініӊ (әрі қарай - Кодекс) 126-бабына сәйкес жұмыскерлерді еӊбекке ынталандыру және төлемақы жүйесі ұжымдық немесе еӊбек келісім-шартыныӊ, сондай-ақ жұмыс беруші актісініӊ негізінде белгіленеді. Жұмыс беруші мен жұмыскердіӊ арасындағы жасалған еӊбек шартында еӊбек төлемақысыныӊ көлемі мен өзге де шарттар көрсетілуі тиіс (Кодекстіӊ 28-бабы). Ұжымдық және еӊбек келісімініӊ шарттары біржақты өзгертілмейді (Кодекстіӊ 10-бабыныӊ 3-тармағы).

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ мамандары "Арселор Миттал Теміртау" АҚ-дағы жағдайды бақылауды ары қарай жалғастыруда және компания жұмыскерлері еӊбек құқықтарыныӊ бұзылмауы үшін барлық қажетті шараларды қолданатын болады.

Естеріӊізге сала кетейік, бүгін "Арселор Миттал Теміртау" АҚ басшылығы ағымдағы жылғы 1-тамыздан бастап компания жұмысшыларыныӊ жалақысын 25%-ға төмендететіні жөнінде хабарлама жасаған болатын.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны