03.09.2015, 18:58 4476

Артиллерия жиынында әскери қызметшілер қорғаныс және шабуылдау ұрысында бөлімшелерді жауынгерлік қолдану мәселелерін пысықтады

ҚР Қорғаныс министрініӊ бірінші орынбасары - ҚР ҚК Бас штабыныӊ бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзаковтыӊ нұсқауларына сәйкес "Шығыс" өӊірлік қолбасшылығында "Шығыс" жалпыәскери полигоныныӊ базасында тамыздыӊ 3-і мен қыркүйектіӊ 15-і кезеӊінде артиллерияныӊ лагерьлік жиындары өтеді

Астана. 3 Қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР Қорғаныс министрініӊ бірінші орынбасары - ҚР ҚК Бас штабыныӊ бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзаковтыӊ нұсқауларына сәйкес "Шығыс" өӊірлік қолбасшылығында "Шығыс" жалпыәскери полигоныныӊ базасында тамыздыӊ 3-і мен қыркүйектіӊ 15-і кезеӊінде артиллерияныӊ лагерьлік жиындары өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жиын міндеті "Шығыс" өӊірлік қолбасшылығы артиллериялық құрамаларыныӊ, бөлімдері мен бөлімшелерініӊ жауынгерлік әзірлігін арттыру болып табылады. Бұл іс-шараға қатысатын әскери қызметшілер заӊсыз қарулы құралымдарды жою, артиллериялық бөлімдер мен бөлімшелердіӊ техникасы мен қару-жарағын жауынгерлік міндеттерді орындауға әзірлікке келтіру бойынша арнайы жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу барысында қорғаныс және шабылдау ұрысында артиллериялық құрамаларды, бөлімдер мен бөлімшелерді жауынгерлік қолдану мәселелерін, сондай-ақ офицерлердіӊ, сержанттар мен жеке құрамныӊ кәсіби даярлығын жетілдіруді, әскери қызметшілердіӊ далалық дағдысы мен моральдық-психологиялық қасиеттерін арттыруды пысықтады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Оқу-жаттығуға "Шығыс" ӨӊҚ әскерлері қолбасшысы басқармасыныӊ артиллериясы және зымыран әскерлерініӊ штабы, 10181, 28738 әскери бөлімдерініӊ әскери қызметшілері, 27943, 40398, 10810 әскери бөлімдерініӊ артиллериялық бөлімшелері.тартылды.

Жиын бес кезеӊде өтті. Ұдайы орналасу пунктінен артиллериялық құрамаларды, бөлімдер мен бөлімшелерді "Шығыс" полигонына алмастыру, лагерьлік жиын ауданына құрамдастырылған тәсілмен марш жасау. Содан кейін взводтардыӊ, батареялардыӊ, артиллериялық дивизиондардыӊ, бригадалардыӊ үйлесуі және ұдайы орналасу пунктіне оралуы.

"Шығыс" полигонындағы лагерьлік жиынға ҚР ҚК Бас штабы бастығыныӊ орынбасары генерал-майор Мұқан Дүйсекеев пен ҚР ҚК Зымыран әскерлері және артиллерия қолбасшысы полковник Лұт Илшекенов барды.

Мұндай лагерьлік жиындар жылына екі рет өткізіліп тұратынын айта кеткен жөн. Алдыӊғысы Аягөздегі "Майлино" полигоныныӊ базасында ағымдағы жылдыӊ наурыз-сәуір айларында өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны