06.06.2019, 18:20 15320

Артур ван Дизен ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы жаңа Өкілі болып тағайындалды

ЮНИСЕФ-ке келгенге дейін Артур Ван Дизен Ұлыбританияның халықаралық даму департаментінде, БҰҰДБ және бірнеше халықаралық ҮЕҰ-да жұмыс істеген. Ол Африкада, Оңтүстік және Орталық Азияда және Таяу Шығыста қызмет атқарған.

Нұр-Сұлтан. 6 маусым. Kazakhstan Today -Қазақстандағы БҰҰ-ның Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілдігін шамамен 4 жыл бойы басқарған Юрий Оксамитныйдың орнына Артур Ван Дизен ЮНИСЕФ-тің жаңа Өкілі болып тағайындалды.

Артур ван Дизен Нидерландының азаматы болып табылады. ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы кеңсесінің Өкілі болып тағайындалғанға дейін, Артур Ван Дизен Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы ЮНИСЕФ-тің әлеуметтік саясаты бойынша Аймақтық Кеңесшісі (2015-2019) болған, сондай-ақ Тәжікстандағы ЮНИСЕФ Өкілінің Орынбасары (2010-2015) болған.

ЮНИСЕФ-ке келгенге дейін Артур Ван Дизен Ұлыбританияның халықаралық даму департаментінде, БҰҰДБ және бірнеше халықаралық ҮЕҰ-да жұмыс істеген. Ол Африкада, Оңтүстік және Орталық Азияда және Таяу Шығыста қызмет атқарған.

Артур Ван Дизен әлеуметтік саясат саласында, қолданбалы әлеуметтік зерттеулерде, мониторинг пен бағалауда және бағдарламаларды басқаруда 25 жылдан астам тәжірибесі бар. Білімі бойынша әлеуметтанушы, Нидерландыдағы Тильбург университетінде магистр дәрежесін алған. Үйленген, үш қыздың және бір ұлдың әкесі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны